---
title: "Наурыздағы ұлы той!"
description: "22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да т..."
author: "CRMI"
published: "2016-03-22T07:58:20+00:00"
modified: "2016-03-22T07:58:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nauryzda-y-ly-toy-684948"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nauryzda-y-ly-toy-684948/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Наурыздағы ұлы той!

> 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да т...

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.

![Наурыздағы ұлы той!](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/OMY7hEg0cKNOHWw3ZJPdF4WD55Nw3X.jpg)

Ұлы мерекені Жастар бастамаларын дамыту орталығы қала тұрғындарымен атап өтті. Тұрғындар мен қонақтарға дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары таратылды.Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнады. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтті. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталады деген ойдамыз.

![Наурыздағы ұлы той!](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/KzoX7a9c7PDZVKz81awqaaTG0JVhFm.jpg)

Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nauryzda-y-ly-toy-684948](https://yvision.kz/kk/post/nauryzda-y-ly-toy-684948)