---
title: "Наурыз мейрамы «Қазақ елі» монументі жанында тойлануда"
description: "Елордадағы Наурыз мейрамының кіндігі «Қазақ елі» монументі алдындағы алаң болып табылады. Бүгін та..."
author: "symbatym"
published: "2017-03-22T02:39:51+00:00"
modified: "2017-03-22T22:38:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nauryz-meyramy-aza-eli-monumenti-zhanynda-toylanuda-760794"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nauryz-meyramy-aza-eli-monumenti-zhanynda-toylanuda-760794/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Наурыз мейрамы «Қазақ елі» монументі жанында тойлануда

> Елордадағы Наурыз мейрамының кіндігі «Қазақ елі» монументі алдындағы алаң болып табылады. Бүгін та...

Елордадағы Наурыз мейрамының кіндігі «Қазақ елі» монументі алдындағы алаң болып табылады. Бүгін таңғы 10.00-ден қала тұрғындары мен қонақтарына театрландырылған көріністер мен Қазақстанның аймақтарынан келген шығармашылық ұжымдардың мерекелік концерті ұсынылуда.

![Наурыз мейрамы «Қазақ елі» монументі жанында тойлануда](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/sjbLy7Wrv3tQCS501RiPL3X0h3D716.jpg)

Мерекелік іс-шарада «Қазақша күрес», «Арқан тартыс», «Кір көтеру», «Қол күрес» және өзге де ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтуде.

![Наурыз мейрамы «Қазақ елі» монументі жанында тойлануда](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/uRBTX5eFgJ7vNm3udU0bpR81piPU7h.jpg)

«Қазақ елі» алаңындағы этноауылда бірнеше киіз үйлер тігілген. Киіз үйлерде қонақтар бауырсақ пен наурыз-көжеден дәм тата алады. Оған қоса, қазақ халқының ұлттық ойыны "Алтыбақан" орнатылған.

![Наурыз мейрамы «Қазақ елі» монументі жанында тойлануда](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/tkq5KS6EcIgDQtUF35kIocQX9H8ZDc.jpg)

Бүгін барша қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауда. Наурыз — ежелгі заманнан келе жатқан қазақтың жыл бастау мейрамы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nauryz-meyramy-aza-eli-monumenti-zhanynda-toylanuda-760794](https://yvision.kz/kk/post/nauryz-meyramy-aza-eli-monumenti-zhanynda-toylanuda-760794)