---
title: "Наурыз мәзірі. Бесбармақ."
description: "Ұлыстың ұлы күніндегі отырыс бесбармақ немесе қазақша дайындалған етсіз өтпейтіні белгілі. «Қазақ е..."
author: "Arsik"
published: "2012-03-21T22:18:23+00:00"
modified: "2012-07-13T01:17:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nauryz-m-ziri-besbarma-240985"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nauryz-m-ziri-besbarma-240985/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Наурыз мәзірі. Бесбармақ.

> Ұлыстың ұлы күніндегі отырыс бесбармақ немесе қазақша дайындалған етсіз өтпейтіні белгілі. «Қазақ е...

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/9aJtCMLdc6hS198n4d2Bv1FWiOa2B1.jpg)

*Ұлыстың ұлы күніндегі отырыс бесбармақ немесе қазақша дайындалған етсіз өтпейтіні белгілі. «Қазақ ет жегенде, қасқыр ұялады», - дейді. Ұлттық тағамды өз қолымен дайындап көрмегендер үшін төмендегі нұсқаулық көмектеседі деген ойдамыз.*

- Қой немесе сиыр, жылқы еті (бізде жылқы еті);
- қазы;
- картоп;
- ұн;
- жұмыртқа;
- жарты стақан жылы су;
- тұз;
- пияз.

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/MDO4y69S6eO4NhERgrr4m180VDMMBb.jpg)

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/vb3z1hIos34jq1319uf17nv06CEZp2.jpg)

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/iqdF2f02Ve0CsYbmrc6PoCtxW59TAl.jpg)

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/SOnxTZZt64y61CT1nenkx4yk6CERVd.jpg)

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/0d6tZn8pfhI7FzP7BRzXvuF66OzC54.jpg)

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/r1vQbfp80Gpfl9C97HHWt62752dEmY.jpg)

Жуылған ет пен қазыны су құйылған қазанға салып, бір қайнатып аламыз. Қайнағаннан соң, отты басып, 2-2,5 сағаттай пісіреміз. Егер ет тұздалмаған болса, тұз қосамыз. Сорпа тұнық болуы үшін қазанға ашылған пиязды салып, көбігін сүзгімен алып тастап отырамыз.

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/H70Kc12QuL9AfOtNY0iiGtDW1Zft2R.jpg)

Бұл уақытта қамырын дайындаймыз. Ұн, бір шөкім тұз, жұмыртқа, жылы суды араластырып, қамыр илейміз. 10-15 минутқа шұңғыл ыдыстың астына қоямыз. Астың наны тығыздалған болуы қажет. Сол себепті қамырды қаттылап ысамыз.

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/jA96GkXwdTOk9bX3BbeC1oBVs4DWMp.jpg)

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Z09ykl6w8h0wV1qJsnF9Dajra6JVN4.jpg)

Әбден тығыздалған қамырды оқтаумен жұқалап жаямыз.

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/aJQ9ymo7V5N6gsWFZjx4goLPIws7YL.jpg)

Қазанға картоп салып, дайын болғанша пісіреміз.

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/3zfkJ3vfMj7o7jqAYkkCeuC5w2xE19.jpg)

Еттің үстіндегі майлы сорпаны бөлек құйып, тұздық дайындаймыз. Оған пиязды турап, талғамға қарай, бұрыш қосамыз.

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/fzgIxfSQj7VMNifc2yUr7ts8IxH2XJ.jpg)

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/knLph62vV6lsRj16v5RwAWm1SN9Pzs.jpg)

Қазаннан ет пен картопты бөлек ыдысқа шығарып аламыз.

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/P21g0BZt9RSt98aKiqvfgNq7yF1F50.jpg)

Піскен еттің сорпасына жұқа жайылған қамырды салып, пісіреміз.

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/WfQ36J38djyXZ12DO0Qsx852s53xWW.jpg)

Дайын болған қамырды табаққа түсіреміз.

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/qvuPnJzZ37Sav2KHHH168ckJKr4T6F.jpg)

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/d7km7tpx3Wah20dQsV2gTAgR5oaAGM.jpg)

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/ds54CQk4dWuh49q5KknuUTaN69wvYN.jpg)

Қамырдың үстіне кесектеп туралған ет, қазы, картопты саламыз.

![Наурыз мәзірі. Бесбармақ.](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/CD8hV9lQADaQ4T7WWG98F76y7oLBxy.jpg)

Оның үстіне алдын ала дайындалған тұздықты құямыз.

 

Бесбармақ дайын!

*Бесбармақты дайындаған **Айнұр Маемирова***

***___________________________________________________________________***

Құрметті оқырман қауым, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nauryz-m-ziri-besbarma-240985](https://yvision.kz/kk/post/nauryz-m-ziri-besbarma-240985)