---
title: "Нашақорлықты алдын-алу бойынша облыстық оқыту семинары өткізілді"
description: "Есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру аясында 2025 жылғы 6 қарашада К..."
author: "journalist_n"
published: "2025-11-10T05:27:26+00:00"
modified: "2025-11-10T05:27:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nashakorlykty-aldyn-alu-boyynsha-oblystyk-okytu-seminary-otkizildi-1018367"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nashakorlykty-aldyn-alu-boyynsha-oblystyk-okytu-seminary-otkizildi-1018367/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Нашақорлықты алдын-алу бойынша облыстық оқыту семинары өткізілді

> Есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру аясында 2025 жылғы 6 қарашада К...

**Есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру аясында 2025 жылғы 6 қарашада Көкшетау қаласында ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстық оқыту семинары өтті. **Іс-шараға аудан әкімдерінің орынбасарлары мен Ақмола облысының ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты. Семинар тақырыбы – «Есірткіге тәуелділіктің алдын алу, есірткі және психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолданудың құқықтық және медициналық салдары». Семинар барысында спикерлер – «Зерделі ұрпақ» ұйымының жетекшісі Г.К. Оразбаева, Ақмола облысы Аналар кеңесінің төрайымы А.К. Жахина, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Р.Т. Курсанова, «Esbol» фронт-офисінің жетекшісі Даниал Жагупар – қатысушылармен бірге өңірлерде профилактикалық бағдарламаларды іске асыру тәжірибелерін, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай тәсілдері мен алгоритмдерін қарастырды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар деңгейінде психоактивті заттардың алдын алудың тиімді тетіктері мен жастар аудиториясы мен цифрлық орта ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық науқанның негізгі бағыттары айқындалды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nashakorlykty-aldyn-alu-boyynsha-oblystyk-okytu-seminary-otkizildi-1018367](https://yvision.kz/kk/post/nashakorlykty-aldyn-alu-boyynsha-oblystyk-okytu-seminary-otkizildi-1018367)