---
title: "Құнантаева К, Халитова И. Құрбанғали Халидидің \"Тауарих хамса\" еңбегіндегі тәлім–тәрбиелік пікірлер"
description: "Резюме: Книга Курбангали Халиди «Тауарих хамса шарки (История пяти народов)» вышла 1910 году в город..."
author: "uservk183875210"
published: "2021-07-08T12:13:37+00:00"
modified: "2021-07-08T12:22:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nantaeva-k-halitova-i-rban-ali-halididi-tauarih-hamsa-e-begindegi-t-lim-t-rbielik-pikirler-941133"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nantaeva-k-halitova-i-rban-ali-halididi-tauarih-hamsa-e-begindegi-t-lim-t-rbielik-pikirler-941133/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құнантаева К, Халитова И. Құрбанғали Халидидің "Тауарих хамса" еңбегіндегі тәлім–тәрбиелік пікірлер

> Резюме: Книга Курбангали Халиди «Тауарих хамса шарки (История пяти народов)» вышла 1910 году в город...

Резюме: Книга Курбангали Халиди «Тауарих хамса шарки (История пяти народов)» вышла 1910 году в городе Казани. Ученым кроме данной работы былыи написаны еще четыре книги6 но из них известны только две. Выше названная книга самый распрастраненный среди историков, этнографов, литераторов Казахстана. Мы обратили внимание такие стороны книги которые ранше не изучены, в частности вопросы образования и воспитание подрастающего поколения. Для истории педагогики важны сведения приведенные о Юсуф Баласгуни, Кожа Ахмат Яссауи, Асан кайгы6 Кунанбаф кажы, Шокан торе и другие известные личности.

Summary: the Book of Kurbanguly halide "Touareg Hamsa Sharqi (History of the five Nations)" was released 1910 in the city of Kazan. Scientists in addition to this work Bilyi written four knigi but because they know of only two. The above mentioned book is the most common among historians, etnografico of writers of Kazakhstan. We have noticed such parties books which are earlier not been studied, in particular, the issues of education and upbringing of the younger generation. For the history of pedagogy important information about Yusuf Balasaguni, Leather Ahmad Yasawi, Asan Kaigy Kunanbai kazhy, Shokan Torah and other celebrities.

![Құнантаева К, Халитова И. Құрбанғали Халидидің "Тауарих хамса" еңбегіндегі тәлім–тәрбиелік пікірлер](https://storage.yvision.kz/images/user/463056/d3061eb943db8202cbe47a3b5a489d.jpg)

Ел арасында «өткенді білмегеннің болашағы жоқ» деген қанатты сөз кең тараған. Бұның мәні өткенді біліп қана қою емес, одан сабақ алу, сол кездерде кеткен кемшіліктерді болдырмау, жақсыларынан үлгі алып, өнеге үйрену. Бұл ретте өткендегі тарихи материалдарды танып –білу, алдымен сол кездегі қоғам жайлы мәлімет алса, сонымен қатар онда өмір кешкен адамдардың ой- санасы, сезім – түйсігі, жүріс -тұрысы, мінез –құлқынан мәліметтер аламыз. Бұл мәліметтерді қазіргі тұрмысты зерттеу, осы күнгі адамдардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын пайымдап қорытындылар шығаруда пайдалану мүмкіндігі мол.

Адам және қоғам жайлы тарихи мәліметтер, бүгінгі күнге қажетті зерттеулер жүргізуде аса пайдалы. Өйткені сол арқылы біз қоғамның қаншалықты жаңғырғаныдығын, ондағы өзгерістердің адам болмысы, табиғтқа тигізетін пайдасы мен олардың өзара ықпалдастығын нақтылауға септігін тигізеді.

Бұл ретте ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ жеріндегі әлеуметтік-саяси ахуалдар мен сол кездегі қазақ халқының өмірі жайлы мәліметтерге толы еңбектің бірі Құрбанғали Халидұлының «Тауарих хамса(Бес тарих)» [1] тарихаи, этнографиялық шығармасы.

Ғалымның аталмыш еңбегі ескі түрк тілі немесе сол кездегі ғалымдар пайдаланған шағатай (чағатай) тілінде жазылып, 1992- жылы қазақ тіліне аударылған. Осы еңбекті зерттеген терихшы, этнограф ғалымдар Ж.Қармышева[2], Н.Мұқанова[3], А.Апысбес[4], Б.Сманов[5], С.Дәуітов[6] жазушылар С. Балғабаев, Т.Жұртбай, Д.Досжан тағы басқалар «Құрбанғали Халидұлының әйгілі тауарих хамса еңбегі» деген тіркестерді келтіреді. Біздің пікірімізше бұл осы еңбектің танымладығын көрсетсе керек.

Ғалым тарих ғылымының маңызы жайлы «тарих ғылымы – әлемнің жаратылуы және адамзаттың түрлі ұрпақтарының тіршілік – тынысымен, әділ патшалар мен жәбірші әмірлердің істерімен қоса, қоғамның даму қағидаларына (заңдылықтарына) қанықтырады» - деп ары қарай өзінің осы ғылымға назар аудару себептерін жазған.

Құрбанғали Халидұлы шыққан әулетте сауатсызы болмаған және ғалым өзі оқу білімге ерекше назар аударған, мысалы, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Аягөз дуаны жайлы айта келп осы жылдары «дуанда медресе ашылып, көптеп шәкірттер оқытылған...риторика, мантиқ ( т.б. ғылымдар оқытылған.)» деген мәлімет береді. [1. 155б]

Ғалым Семей медресесін тәмамдаған соң сол жерде ұстазының көмекшісі ретінде біраз жыл қызмет еткен, және кіші ініс Мұхаметшаһты медреседен соң Бұхарада оқытқан және ол қайтып келіп медреседе мұғалім болған. Сол кезде жаңаша оқыту қолға алына бастаған кез екен, осы Мұхаметшаһ балаларды жаңаша оқыту үшін медресеге парта қоғызып, ресейден глобус, карта алдырыпты. Бұны түсінбеген халықтың бір бөлігі ол кісіні «орыс молда» деп атап, көрген жерде күлкіге айналдырып, балаларды теріс оқытты деп көп кедергі жасаған.

Осы әрекеттердің нәтижесі болса керек Шәушек қаласындағы оқу істеріне байланысты «1890 – жылы декабрь сәрсенбі 15 «усул-жадид» - жаңаша оқу түрі ашылды» «1902 жылдың 17-сентябрінде мектеп ашылып балалар оқи бастады» онда тағы да « 1905жылдан басталып Шәкірбай дегеннің бағында мектеп салынып, 1906 жылы 17 августа сабақ басталды. Мектеп халық қаржысымен салынып патша құрметіне «Николайская школа» деп аталды»деген деректерді оқимыз «Тауарих хамсадан» [1. 276б].

Құрбанғали Халидидің аталмыш еңбегінде сол кездегі оқу- ағарту мәселелеріне байланысты мәліметтер баршылық. Солардың ішінде педагогиканың тарихына байланысты материалдар кездеседі, мысалы, Қожа Ахмет Йассауи, Жүсіп Баласағұни, Асан қайғы, Майқы би, Абылай хан, Қабанбай батыр, Құнанбай қажы, Шоқан төре, Дулат ақын, Жанақ ақын және би, шешендерге қатысты ақпарлар баршылық. Дүңген халқының тарихынад әлі толықтыруды қажетсінетін тұстары баршылық, мысалы, осы кітапта кезінде дүңген соғысы деп аталып кеткен бір соғыста ерлік көрсеткен Бұр есімді батыр туралы мәліметтер бар.

Қазақ халқының салт- дәстүрінен этнопедагогика ғылымына байланысты көптеген мәліметтерді оқу үрдісіне ендіріп, жастар тәрбиесінде пайдалануға болады.

Бұл мақалада Құрбанғали Халидұлының «Тауарих хамса(Бес тарих)» еңбегіндегі педагогика саласына қатысты тұстарына тоқталмақшымыз. Белгілі болғандай оқу, ғылымға байланысты көптеген кірме сөздер бар, мысалы кітап, мектеп, қалам, дәптеір т.б. солардың ішінде «мұғалім» сөзін осы кітапта «Қожа тұқымынан біреу хан, яки ханзадаларға ұстаз болса, оған «маулауи» деп ат қояды, оны кей кітапта «маулана» деп жазады, ол да дұрыс (маулауи- иелік ететін кісі, маулана- иеміз, қожамыз деген сөз, кейінгі уақытта ұстаз орнына да қолданылған)» дегенінен мұғалім атауының келіп шығуын пайымдауға болады.[1.49б] Ғалымның осы айтқандарын педагогика оқулығына ендірсе «мұғалім» атауының тегі нақтыланады. Бұл педагогикада үнемі айтылып жүрген педа – жетелеу, логос ғылым, соан педагогика ұғымы пайда болған деген ұғыммен салыстыруға келеді.

Сол кездегі хан сарайында қызмет атқарушылар туралы «қази, мұфти, катиб (сот, заңгер, хатшы), бұлардың еңбегі жазу, көшіру, мөр(құжат жұмыстары- И.Р.) бойынша алған ақшаларымен күнелтіп, имам, мүддәрис (оқытушы)тағы басқа ғұламаларға уакафтан, яғни қазынадан қаржы беріледі» - делінген кітапта [1.49б]

Ғалым, тарихи тәжірибелерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізудің қазақ арасында кең тараған жолына байланысты «Бұл найман руларының көнеден келе жатқан жазылған тарихы болмағанымен, ата – бабаларымен түрлі ұрпақтарының ақпарлары ауыздан- ауызға аңыз болып ұласып келе жатқанын ешкім жоққа шығармайды» [1. 51б] - дегенді келтіреді. Тарихи мәліметтерді жеткізудің басты жолы шежірелерді тыңдау, есте сақтап ары қарай ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, осының жолын Қ.Халидұлы «негізінде , шындығы басым, тарихи оқиғалар анық.Себебі бұл тайпалар өздерінің тарихты тереңдетіп оқымағанының салдарынан нақтылы, анық айтып, білімге таласатындары болмағанымен, бабаларының сөздерін зейінмен тыңдап, ұғып, олардан естіген шежірелерін еске алып әр мәжілісте, әр жиын отырыстарда үнемі қайталап, шын ниетімен ойларында ұстап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып...» [1. 51б] сол арқылы біріне бірі үйретіп, айтып жеткізіп отырғанын келтіреді. Ғалым сонымен қатар«ұлы дүбір мерекелерде шежірешінің аңайын толтырып, өткендерін сұрастырып, үйлерінде болса ол кісінің алдында дәріс оқығандай үйреніп жақсысын жаттап, қиынын қаттап жататын...сол шежірешіден мен өзім де бір неше рет сабақ алып едім» [1. 51б] - деп қазақ халқының өз тарихына қызығушылығы мен оны үйрену тәсілдерін келтреді.

Тарихи тағылымдарды оқымай –ақ меңгеріп отырған қазақ халқына өзінің таңдануымен қоса ғалым«...үлкендердің аузына қарап, естігендеріне сүйеніп оқымай қалған да болар.» -деумен қатар мұндағы шешендіктің маңызын пайымдайуға ұмтылған, «сөзуарлық, шешендіктің негізгі мақсаты өз ойын көркем тілмен жеткізе білуді толық меңгеріп алған соң, жазу, оқу қажет болмас. Себебі, оқуға сенген – ұмытшақ, жазуға сенген- жаңылшақ деген қағиданы ұран орнына көтергеннен болса керек» [1.52б.]- деп халықтың табиғи қабілеттілігіне қайыл болады.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жерінде ескіше оқумен қоса жаңаша білім алу, кейбіреулердің тіпті орысша оқуға да ынта қойғаны белгілі, осыған байланысты «бірақ осы соңғы жылдары оқып, жазып тарихтан хабардар болу нәтижесінде ауызша сөзге аса құлақ қоймай барады...Қадым сөздің қадірін білетін қарттар таусылып, жастар әр кім өз кәсіп- тіршілігімен айналысып, өткен ақпарлардан не пайда, келді- кетті заман әркімнің өзінікі емес пе деп өздерін уатар заман туды» [6. 52б.]- дегені қазіргі күнгі ахуалды алға тартады. Көптеген халықтардың ассимиляцияға душар болып, жойылып кетуінің себептерінің бірін осы өз тарихына назар аудармай, тек күнкөрске берліп кету екенін айтады ғалым.

Тариха, бұл халықтың санасы, жеке тұлғаның өзін пайымдауының басты факторы десе де болады, себебі тариха арқылы адам өзінің кім екенін, өз ұлтының ерекшелігін таниды, сол арқылы басқаларды да таниды, бұл оның өмір сүруін жеңілдетеді. Қ.Халидұлы «жазудан басқаға нанбайтын жастардың есінде болсын. Егер шынында көнеден аңыз болып келе жатқан шежірені айтушылар болмаса осы күнге дейін, мен пәленшемін деп айтар кісі қалмас та,...халықтыі шежіреге сенімі, әкімнің мөрмен бекіткен шешіміндей »- дегенді жазған [1. 52б.]

Осы еңбекте қазақ тілінен мықтап орын алып, ұлттық ұғымға айналып кеткен «ғұлама» сөзінің келіп шығу тегіне қатысты мәлімет бар. Бұл мәлімет Нарбота ханға байланысты келтірілген, солкісіне көрген адам «Нарбота заманында біз бала едік, сонда да аталарымыздың сөзі құлағымызда... Нарботаның пәкизаттығы болғандықтан «улеми» деп атаушы еді...Мауароаннахрда шариғаттан, халық силаған жолдан таймаған әміршілерді «улеми» атау дәстүрі болған.» [1. 13б.]

Осы «улеми» сөзінің мағынасын Нарбота ханға берілген сипаттамадан пайымдауға болады, оны «ғалымдармен түрлі жұмыстар істегенде, ерекше бір кісілерге жаза қолданғанда өте сақтықпен қарап, күдік тудыратын жайы жоқ па екен деп тексеріп барып шара қолданатын, орынсыз шектен аспайытн Соның арқасында халық арасында «улеми» атағымен даңқы шыққан» деп жазады ғалым. Жоғарыда осы адамды тағы да «пакизаттығы» деген сөзбен осы Нарботаны сипаттаған, біздіңше бұл парасатты (порядышный) немесе әрі білімді әрі тәрбиелі дегенге саяды. Басқаша айтқанда «улеми» біздер жиі қолданатын «ғұлама» сөзіне сйкес ұғымды береді.

Хандар мен ханзадалар арасындағы қақтығыстарда «ғалымдарды қорлап, кітаптарды құртып, бесіктегі ханзадаларды да аямағандар» болыпты. Сол кездегі ел басқарудағы кемшіліктерді айта келіп Қ.Халидұлы «...іс басына ешқашан лайықты адам қоймай, қойса...елге пайдалы істі орындатқызбай өмірбақи аяқтан тартып өткен, бұл олардың ең сүйікті әдісі еді» -дейді ғалым сол кездегі ел басқарушылар мен патша өкіметінің саясатын сынай келе. [1. 9б]

Ел мен жерді қорғау мемлекеттік әскери устерді жолға қоюына да байланысты екені белгілі. Жалпы қазақ жерінде әскерилерді арнайы дайындау болмаған деген пікір қалыптасқан. Бірақта әскери мектеп болмағанымен арнайы дайындық бол керек екенін ұғынған басшылар әскери ісіне үйреті тіпті қары –жарақ жасауды да қолға алған екен. Бұл туралы Қ.Халидұлы «Яғқуб хан...билік еткен кезінде шеберлерді жинап зеңбірек құйдырып, әскерді тәртіпке салып, мешіт –медреселер көтеріп, қалалар арасына уақытылы қарым -қатынас (пошта) жүргізіп халқына біраз қызмет еткен» -деп мысал келтіреді. [1. 47б]

Қазақтың бүкіл тарихи ауызекі болған кездеріде өтіп еді. Олар шежіре түрінде ауыздан –ауызға өтіп отырған. Ғалым, «Дегенмен, уақыт оза келе бұл шежірелер өз негізінен артық кемі болып, ілгері-кейінді айтылып, шатастырарлықтай жағдай болса да, өзге тарихи мәліметтермен салыстыра отырып, реттестіру нәтижесінде белгілі бір шындыққа жақын, тоқтамды пікірлер айтуға болады» дейді. [1. 51б]

Бұлай болуының себебін Қ.Халиди «себебі бұл тайпалар өздерінің тарихты тереңдетіп оқымағаны салдарынан нақтылы, анық айтып, білімге таласатындары болмағанымен, бабаларының сөздерін зейінмен тыңдап ұғып, олардан естіген шежірелерін еске алып әр мәжілісте, әр жиыйн отырыстарда үнемі қайталап, шын ниетімен ойларында ұстап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насабшыларына шежіреші деп ат қойған.Ұлы дүбыр мерекелерінде шежірешінің маңайын толтырып, өткендерін сұрастырып, үйлерінде болса ол кісінің алдында дәріс оқығандай үйреніп жақсысын жаттап, қиынын қаттап жататын болған.Сол шежірешілерден мен өзім де бірнеше рет сабақ алып едім» -деп көрсетеді. [1. 51б]

Бұларды айтып отырған себебіміз тарихты тану, біз кімбіз, мен кіммін, тегім, туып өскен жерім мен елім қандай? Деген сауалдарға жауап іздеу сауат ашу, саналы өмір сүрудің бір факторы емес пе.

Ұлттар арасындағы өзара қарым – қатынастың тереңдеуінің олардың өзара түсіністігін қалыптастыратын еді. Өйткені түсінісу үшін тығыз аралсу керек. Осы туралы Қ.Халидұлы «Екі жақтың адамдары бірімен- бірі араласып тұрмысын көзімен көрсе өз ойларының жаңсақтығына көздері жеткен болар еді. Көзімен көрсе сырына қанық болып ондай теріс пікірге бармас еді. » -деп жазады, ол өзінен басқаны жабайы санағандар үшін назаланп. [1. 91б]

Қ.Халиди өзі туралы Аягөз туған жеріміз, найман жүрген еліміз деген екен. Ол қазақ халқымен бітақайнасып, жақын аралсу арқылы терең әрі жан–жақты таныған. Ол халқымыздың сол кездегі парасатты адамдарының бойында болатын бір мінез «сөзге тоқтау» дегенді «Бұл халықтың құдіреті, осындай астарлы сөз бастан асқанда, кім де болмасын қарсыласын мойындайды, сөзге жығылады.» – деп дәріптейді. [1. 92 б]

Біз ылғиды халқымызды кең пейіл, қонағжай, түсінігі мол дейміз. Осының басты көрсеткіші не? Дегенде, ол халқымыздың ешкімді, ешқашан жатсынбайтын дархандығы. Осыған орай ғалым «...қазақ арасына сңіген қай халық болса да тіпті елу жылға да жетпей қазақшылық жеңіп, бір-екі буын өткен соң тіл, сөз, сәлем де, тіпті де айырмашылықтары байқалмайды.» –деп жазады, өзіде осы қазаққа сіңген адам болуы себепті. [1. 124б]

Халқымыз «өнерді үйрен де жирен» дей келе оны үйрену үшін ынта мен жігер және қабілет керек екенін ұғынған және өнерлі адамдар көп болған, Мысалы, Солтабай ұлы Барақ батырдың өнері жайлы айта келп ғалым мылтықпен көдеп адамның төбсіне қойған теңгені ұшырып түсіретін, қылыштасуда теңсіз, ағаш жону, етік тігу, киім пішу, темір соғуда ешбір шеберден кем түспейтін.Өрік пен жаңғақты сығып, жілік сүйекті бұрап сындыратын. Ақын, жұмбақшы, шежіреші еді.» –деп сүйсіне баяндайды өнерлі адамдар туралы [1.53б]

Біз мақалада еңбектің кейбір тұстарына ғана тоқталдық. Кітапта педагогиканың тарихы, әлеуметтік педагогика, этнопедагогикаға байанысты көптеген мәліметтер бар. Оларды өзалдынша зерттеу қажет.

Әдебиет:

1. Құрбанғали Халиди. «Тауарих хамса шарқи(Бес тарих)» немесе «Шығыстағы бес халықтың тарихы». Алматы, 1992.

2. Қармышева Дж. «КазахстАвто анский историк- краевед и этнограф Курбангали Халиди». реф. канд дисс. –Алма- Ата.-1971

3. Мұқанова А.Н. «Құрбанғали Халидтың «Тауарих хамса» еңбегі қазақ тарихының дерегі ретінде.» Автореф. канд дисс. Қарағанды.-2007

4. Алпысбес М .А. «Шежіре казахов: истории и традиции» (Учебник для вузовских и послевузовских спецкурсов). – Астана.- 2013. –240 с.

5. Сманов Б. Жырмен жазылған тарих. Жинақта: Халық тарих толқынында. Астана -2013.187, 188, 198 бб

6.С.Дәуітов, М.Шафиғов. Құрманғали Халидұлы.Тарихымызды таразыласақ. Газ.Қазақ әдебиеті. Көкек10, 1992 жыл. 12 б.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nantaeva-k-halitova-i-rban-ali-halididi-tauarih-hamsa-e-begindegi-t-lim-t-rbielik-pikirler-941133](https://yvision.kz/kk/post/nantaeva-k-halitova-i-rban-ali-halididi-tauarih-hamsa-e-begindegi-t-lim-t-rbielik-pikirler-941133)