---
title: "«Намыс додамен» бірге биіктікті бағындыр!"
description: "2015 жылғы 1 қарашада сағат 15.00-де Алматы және Астана қалаларындағы MEGA ойын-сауық кешенінде орна..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-27T10:17:56+00:00"
modified: "2015-10-27T10:17:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/namys-dodamen-birge-biiktikti-ba-yndyr-614292"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/namys-dodamen-birge-biiktikti-ba-yndyr-614292/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Намыс додамен» бірге биіктікті бағындыр!

> 2015 жылғы 1 қарашада сағат 15.00-де Алматы және Астана қалаларындағы MEGA ойын-сауық кешенінде орна...

2015 жылғы 1 қарашада сағат 15.00-де Алматы және Астана қалаларындағы MEGA ойын-сауық кешенінде орналасқан SCALA жарға өрмелеуіштерінде әуесқойлар арасында құзға шығудан қызықты жарыс өтеді. «Намыс дода» тележобасының аясындағы осы жарыстың ұйымдастырушысы – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.

![«Намыс додамен» бірге биіктікті бағындыр!](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/8Mw44ZFpk09Dxi5OK2vQLmVqa65yMt.jpg)

Құзға шығу деген не? Бұл табиғи шыңдар мен жасанды құзға өрмелеушілердің 15-30 метрлік биікті бағындыруды білдіретін белсенді демалыс және спорт түрі. Құзға шығу – әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған адамдар айналысатын ерекше спорт. Спорттың ерекше және экстремалды бұл түрі түрлі жастағы ең белсенді адамдардың басын біріктіреді. Бұл сайысқа кез келген адам қатысып, естен кетпес сәттер мен сезімдерді бастан кешіреді.

Бұл экстремалдар мен биіктікті ұнататын адамдар үшін өз күшін сынап көретін сәт.

Арнайы электрондық хронометр жарысқа қатысушылардың ішінен үздігін анықтайды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

«Қазақстан» телеарнасының ұжымы қатысам деушілерді асыға күтеді. Өз мүмкіндіктеріңізді Сіздер де сынап көріңіздер!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/namys-dodamen-birge-biiktikti-ba-yndyr-614292](https://yvision.kz/kk/post/namys-dodamen-birge-biiktikti-ba-yndyr-614292)