---
title: "Намысқа тиер жағдай, еліктеу қалмас оңай!"
description: "Қазіргі таңда әншілеріміздің микрофонды қолдарына қылтитып ұстап, бір орында қақиып тұрғанын сирек к..."
author: "mudin"
published: "2016-03-11T10:38:31+00:00"
modified: "2016-04-01T07:55:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/namys-a-tier-zha-day-elikteu-almas-o-ay-683011"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/namys-a-tier-zha-day-elikteu-almas-o-ay-683011/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Намысқа тиер жағдай, еліктеу қалмас оңай!

> Қазіргі таңда әншілеріміздің микрофонды қолдарына қылтитып ұстап, бір орында қақиып тұрғанын сирек к...

Қазіргі таңда әншілеріміздің микрофонды қолдарына қылтитып ұстап, бір орында қақиып тұрғанын сирек кездестіретін болдық. Заман өзгерісіне байланысты, сұраныс та өзгерген. Бүгінде адамдардың көңілінен шығу расында қиын-ақ. Соған байланысты шоу-бизнес өкілдері жаппай жаңа бағыт іздеуге кірісті. "Бұл ізденіс неге алып келді?" десеңіз, жауабым: "Тығырыққа". Орда тобының мүшесі Ерболат Беделханның жақында сахынаға шығарған "Ninety One" тобын көрген шығарсыз? Қандай ойда болдыңыз? Қазақтың қара домалақ балаларының корей "жігіттеріне" еліктегені дұрыс па? Құлақтарына таққан сырғадан бастап сөйлеген сөздеріне, қылықтарына дейін корейлер секілді. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/DCGG121mL0LUwscnRtymomm04p1WrV.jpg) Шынымды айтсам, өз басым бұл мемлекетке қатты қызығамын. Киноларын, бағдарламаларын үлкен қызығушылық тудыратындай, тәрбиелік мәні бар, мағынасы жүрекке жететіндей етіп адам көңілінен шығу үшін жоғары дәрежеде істейді. Корей шоу-бизнесін зерттеп келе жатқаныма алты жылдың қасы болып қалды. Олардың қыр-сырларын жақсы білемін десем де болады. Бірақ, дәл осындай көріністі қазақ жерінде көрем деген ой да болмапты.

Мейлі, еліктесін. Мүмкін бұл әрекетпен олар жаңа бағыт ашпақ шығар? Жарайды, жігіттеріміздің барлығы шаштарын түрлі-түске бояп "кемпірқосақ" секілді жарқырап, ұзын-қысқа сырға тағып жүре берсін. Бұдан бізге тиер не пайда? Олардың осындай жолмен болсын әйтеуір шоу-бизнесті дамытса болғаны емес пе? Басқа мемлекеттерден де жанкүйерлерін тауыпты. Соның арқасында көп адамдар Қазақстан жайлы біліп жатыр. Қарап тұрсаң жақсы жақтары көп екен. Бірақ, ол елдердің қазақ жігіттері жайлы қалыптастырған ойлары қандай болмақ? Сонда адамдардың көңілінен шығамыз деп осындай да әрекетке баруға дайын болғанымыз ба?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/namys-a-tier-zha-day-elikteu-almas-o-ay-683011](https://yvision.kz/kk/post/namys-a-tier-zha-day-elikteu-almas-o-ay-683011)