---
title: "Нақыл сөз оқып көріңіз!"
description: "Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көр..."
author: "nuri123"
published: "2016-03-31T09:14:18+00:00"
modified: "2016-04-11T14:10:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/na-yl-s-z-o-yp-k-ri-iz-686564"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/na-yl-s-z-o-yp-k-ri-iz-686564/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Нақыл сөз оқып көріңіз!

> Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көр...

**Нақыл сөз (афоризм) –** мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар.

Бүгін сідердің назарларыңызға күнделікті қажетті бірнеше нақыл сөздер қатарын ұсынамын!

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

«Егер жақсы өмір сүргің келсе жақсы адам ізде, ал жақсы адам тапқын келсе жақсы сөйлеп, жақсылық жаса»

« Жомарт жан әр кез жорттып жүреді, сараң адам үнемі қорқып жүреді»

«Жақсы адам қателессе қатесінен сабақ алады, жаман адам қателессе өзгеден өш алады»

«Сиыр сүзеді, жылқы тебеді, ит тістейді ал адам осының бәрін істей алады»

«Сезімге берілген адам қателікке ұрынады тек сезімді бағалай білген адам ғана беделге ие болады»

«Әлемдегі ең сұлу әйел ол жүкті әйел»

«Баласы бардың жарасы бар»

«Біреудің сыртынан ғайбат айтып еш аброй таппасыз»

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.» Абай Құнанбаев

«Аз сөйлер де, көп тыңдар хас асылдың баласы.» Махамбет Өтемісұлы

«Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі.» Ғабит Мүсірепов

«Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.» Ғабит Мүсірепов

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/na-yl-s-z-o-yp-k-ri-iz-686564](https://yvision.kz/kk/post/na-yl-s-z-o-yp-k-ri-iz-686564)