---
title: "Ән салып, трактормен тестке кеттік!"
description: "Әлеуметтік желіде оқушылардың трактордың тіркемесіне отырып алып, ҰБТ тапсыруға кетіп бара жатқан видеосы тарады. «Бұл жұмысшылар емес. Бұл – БҚО Бөкейорда ауданының Мұратсай кентіндегі 11-сынып оқушылары. Олар сынама ҰБТ тапсыру үшін Орал..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-26T07:57:12+00:00"
modified: "2024-03-26T08:20:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-salyp-traktormen-testke-kettik-1002642"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-salyp-traktormen-testke-kettik-1002642/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ән салып, трактормен тестке кеттік!

> Әлеуметтік желіде оқушылардың трактордың тіркемесіне отырып алып, ҰБТ тапсыруға кетіп бара жатқан видеосы тарады. «Бұл жұмысшылар емес. Бұл – БҚО Бөкейорда ауданының Мұратсай кентіндегі 11-сынып оқушылары. Олар сынама ҰБТ тапсыру үшін Орал...

Әлеуметтік желіде оқушылардың трактордың тіркемесіне отырып алып, ҰБТ тапсыруға кетіп бара жатқан видеосы тарады.

![Ән салып, трактормен тестке кеттік!](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/8f63bb5f39e018ad7a22c48a87808c.jpg)

«Бұл жұмысшылар емес. Бұл – БҚО Бөкейорда ауданының Мұратсай кентіндегі 11-сынып оқушылары.

Олар сынама ҰБТ тапсыру үшін Орал қаласына қарай осылай жолға шығады. Негізі, тіркемесі бар трактор оларды Оралға апаратын күре жолға дейін ғана жеткізіп салады. Оған дейін 18 шақырым. Ал қаланың өзімен ара қашықтық – 550 шақырым. Сұрақ: Енді олар ары қарай қалай жетпекші?

Оқу-ағарту министрлігі, әкімдіктер, сіздер айтыңыздар!», – деп жазады Сырым Итқұлов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-salyp-traktormen-testke-kettik-1002642](https://yvision.kz/kk/post/n-salyp-traktormen-testke-kettik-1002642)