---
title: "Нұржан Қарымсақов: Тарихи туындыны үлкендердің батасымен салу керек"
description: "Танымал суретші, ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан Қарымсақов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Нұржан..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-17T01:31:15+00:00"
modified: "2015-08-17T01:31:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rzhan-arymsa-ov-tarihi-tuyndyny-lkenderdi-batasymen-salu-kerek-530683"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rzhan-arymsa-ov-tarihi-tuyndyny-lkenderdi-batasymen-salu-kerek-530683/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Нұржан Қарымсақов: Тарихи туындыны үлкендердің батасымен салу керек

> Танымал суретші, ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан Қарымсақов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Нұржан...

**Танымал суретші, ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан Қарымсақов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.**

**

![Нұржан Қарымсақов: Тарихи туындыны үлкендердің батасымен салу керек](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/4mTnSmjPj4SxX3Ptqr9M6N5qfE7obQ.png)

**

**Нұржан Қарымсақов**тың сурет өнеріндегі бағыты – тарихи жанр. Бұл бағытты таңдаудағы себебіне тоқталған суретші: «Әкем – филолог еді. Бала кезімнен маған қазақтың батырлары, ақындары, жыраулары туралы жиі айтып отыратын. Өзінің де сурет салу жағынан өнері болатын. Ауылда көркемсурет мектебінің директоры болды. Сол әсер еткен болар»,-дейді.

«Үлкен туындылар бірден шыға қоймайды. Оған бірнеше жыл қатарынан ізденіп, еңбектену керек. **Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғараұлы,** танымал археолог **Зейнолла Салмашев,** түрколог **Қаржаубай Сартқожаұлы** сынды еліміздің үлкен тарихшылары, филологтарынан кеңес алып тұрамын. Тарихи туындыны осындай жандардың батасымен салу керек»,-дейді суретші.

Сұх баттың толық нұсқасын [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) көре аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-rzhan-arymsa-ov-tarihi-tuyndyny-lkenderdi-batasymen-salu-kerek-530683](https://yvision.kz/kk/post/n-rzhan-arymsa-ov-tarihi-tuyndyny-lkenderdi-batasymen-salu-kerek-530683)