---
title: "Нұрсұлтан Назарбаев Сочи Олимпиадасының ашылуына қатысуды жоспарлап отыр"
description: "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Б..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-19T23:44:23+00:00"
modified: "2013-12-19T23:44:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rs-ltan-nazarbaev-sochi-olimpiadasyny-ashyluyna-atysudy-zhosparlap-otyr-391956"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rs-ltan-nazarbaev-sochi-olimpiadasyny-ashyluyna-atysudy-zhosparlap-otyr-391956/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Нұрсұлтан Назарбаев Сочи Олимпиадасының ашылуына қатысуды жоспарлап отыр

> Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Б...

[!\[Сочи Олимпиадасы\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/1387467733.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/1387467733.jpg)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов айтты, деп жазады [vesti.kz](http://vesti.kz/winter_olympic_games/183064/).

«Мемлекет басшысы Сочидегі Қысқы Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр», — деп келтірген Е. Ыдырысовтың сөзін Twitter-дегі ҚР СІМ-нің ресми аккаунты. Айта кетейік, Сочидегі Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7 ақпанында басталады. Шара Олимпиадалық «Фишт» стадионында өтеді және бұл салтанатты рәсім үш сағатқа созылмақ.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: [Руслан Ғаббасов](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1211)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-rs-ltan-nazarbaev-sochi-olimpiadasyny-ashyluyna-atysudy-zhosparlap-otyr-391956](https://yvision.kz/kk/post/n-rs-ltan-nazarbaev-sochi-olimpiadasyny-ashyluyna-atysudy-zhosparlap-otyr-391956)