---
title: "Нұротандықтар бастамасымен көмек жалғасуда"
description: "Бүгінгі күні, Қапшағай қаласындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракия мүшелері халық қалаулыла..."
author: "almatinskaya.nurotan.kz"
published: "2020-08-14T04:48:18+00:00"
modified: "2020-08-14T04:48:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rotandy-tar-bastamasymen-k-mek-zhal-asuda-863788"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rotandy-tar-bastamasymen-k-mek-zhal-asuda-863788/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Нұротандықтар бастамасымен көмек жалғасуда

> Бүгінгі күні, Қапшағай қаласындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракия мүшелері халық қалаулыла...

Бүгінгі күні, Қапшағай қаласындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракия мүшелері халық қалаулылары қалалық емдеу мекемесіне 400 мың теңгеге жуық көлемде тұратын ресейлік «Армед» оттегі концентраторын сыйға тартты. Жалпы Алматы облысында қайырымды жандармен нұротандықтардың осындай игі бастамада атқарған істері мол. Атап айтсақ, 145 оттегі концентраторы облыс орталығымен аудан-қалалардың емдеу мекемелеріне табысталды. Сонымен қатар, аудан-қалалық партия филиалдары, меценаттар көмегімен 65 пульсометр емханаларға беріліп, медицина саласы өкілдері өз алғыстарын білдіруде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-rotandy-tar-bastamasymen-k-mek-zhal-asuda-863788](https://yvision.kz/kk/post/n-rotandy-tar-bastamasymen-k-mek-zhal-asuda-863788)