---
title: "Нұрмахан Тінәлиев грек-рим күресінің әлемдік рейтингісінде үздік үштікке еніп отыр"
description: "Нұрмахан Тінәлиев әлемдік рейтингте грек-рим күресінің 120 килограмм салмақ дәрежесі палуандары ара..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-01-09T23:11:13+00:00"
modified: "2014-01-09T23:11:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rmahan-tin-liev-grek-rim-k-resini-lemdik-reytingisinde-zdik-shtikke-enip-otyr-394943"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rmahan-tin-liev-grek-rim-k-resini-lemdik-reytingisinde-zdik-shtikke-enip-otyr-394943/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Нұрмахан Тінәлиев грек-рим күресінің әлемдік рейтингісінде үздік үштікке еніп отыр

> Нұрмахан Тінәлиев әлемдік рейтингте грек-рим күресінің 120 килограмм салмақ дәрежесі палуандары ара...

[!\[Нұрмахан Тінәлиев\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140109181657-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140109181657.jpg)

Нұрмахан Тінәлиев әлемдік рейтингте грек-рим күресінің 120 килограмм салмақ дәрежесі палуандары арасында үздік үштікке еніп отыр.

wrestling.kz порталының хабарлауынша, аталған рейтингтің үздік ондығына Қазақстанның әр салмақ дәрежелерінде тағы 7 спортшысы кірген. 55 килограмм салмақ дәрежесіндегі палуандардың ішінде Нұрсұлтан Қалмұрзаев Бакуде өткен Голден гран-при турнирінің ақтық сынында үздік атанып, нәтижесінде ФИЛА-ның жасаған рейтингісінде 9-орынға көтерілді. 60 кг салмақта Алмат Кебіспаев үздік бестікті түйіндеп тұр. Азия біріншілігінде қола медаль қанжығаға байлаған Ерулан Ысқақов 96 кг салмақ тартатын палуандар арасында үздік ондыққа енген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-rmahan-tin-liev-grek-rim-k-resini-lemdik-reytingisinde-zdik-shtikke-enip-otyr-394943](https://yvision.kz/kk/post/n-rmahan-tin-liev-grek-rim-k-resini-lemdik-reytingisinde-zdik-shtikke-enip-otyr-394943)