---
title: "«Нұрлы жолдың» берері мол"
description: "«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан ең ауқымды жобалардың бірі – «Орталық-Шы..."
author: "tracyb"
published: "2017-06-02T04:21:18+00:00"
modified: "2017-06-02T04:21:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rly-zholdy-bereri-mol-768780"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rly-zholdy-bereri-mol-768780/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Нұрлы жолдың» берері мол

> «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан ең ауқымды жобалардың бірі – «Орталық-Шы...

**«Нұрлы жол»** мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан ең ауқымды жобалардың бірі – **«Орталық-Шығыс»** бағыты бойынша салынып жатқан жол. Жобаның жалпы ұзындығы – **914 шақырым**, жалпы құны - **390,5 млрд.** теңге. Құрылыс жұмыстары **2013** жылы басталған, **2020** жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бұл бағытты **Астана-Павлодар** және **Павлодар-Семей-Қалбатау** деп екі бөлікке алып қарауға болады. Бүгінде **Астана** мен **Павлодар** арасындағы жолдың **60** шақырымы салынып бітті, **2017** жылы **88 млрд.** теңгені игеру қажет. **Павлодар-Семей-Қалбатау** арасындағы жолдың **171** шақырымы салынып біткен, **2017** жылы **17,7** млрд теңгені игеру жоспарланып отыр.

Темір жол бойынша да, біраз іргелі жұмыстар атқарылды.

**Қостанай – Алматы** бағыты бойынша жаңа жолаушылар вагоны іске қосылады.

Қостанайға теміржол жолаушылар тасымалдарын субсидиялаудың жаңа механизмі аясында сатып алынатын жолаушылар вагондарының бірінші топтамасы келді.

**«Түрксіб Астана»** ЖШС-мен **«БРК-Лизинг»** АҚ-тың лизингтік қаржыландыру тәсілімен **10** ресейлік жаңа жолаушылар вагоны әкелінді.

**54** орындық плацкарт вагондар жүйелік қадағалаумен жабдықталған. Сонымен қатар, диагностика және вагонды басқару жүйесімен (СКДУ), ауа салқындатқышпен, вакуумдық био дәретханалармен, өрт сөндіру жүйесімен, тоңазытқыш және микротолқынды пешпен жабдықталған. Сондай-ақ, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін жеке электр қуаттағыш көздері қарастырылған.

Ақпарат: **Инвестициялар және** **Д****аму министрлігі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-rly-zholdy-bereri-mol-768780](https://yvision.kz/kk/post/n-rly-zholdy-bereri-mol-768780)