---
title: "«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!»"
description: "«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы Ақмола облысының і..."
author: "meirambekov_abai"
published: "2015-10-02T05:46:39+00:00"
modified: "2015-10-02T05:46:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rly-zhol-bolasha-a-bastar-zhol-556041"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-rly-zhol-bolasha-a-bastar-zhol-556041/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!»

> «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы Ақмола облысының і...

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Гуманитарлы-техникалық академиясының студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

![«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!»](https://storage.yvision.kz/images/user/meirambekov_abai/a6CE8qYmM9a8WugreDAjMmCA3LPQBr.jpg)

Кездесу «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» атты ҚР Президенті Жолдауы, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды насихаттау мен түсіндіру және жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мақсатында өтті.

![«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!»](https://storage.yvision.kz/images/user/meirambekov_abai/E5OuNHXEE97LfO8Lz70Krj4TLc0atu.jpg)

# Басты спикерлер ретінде шаңғы жарысы бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері – Татьяна Осипова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара әрекеттесу бөлімінің консультанты Мәлік Ахметқалиев, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» Жолдауын насихаттау мен түсіндіру бойынша дәріскер Ақмаржан Сәрсенованың қатысуымен өтті. Пікір алмасу алаңының модераторы «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сымбат Үсен болды.

![«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!»](https://storage.yvision.kz/images/user/meirambekov_abai/I8ChIg1tRtJ0I8MJVjvTZ2PSjxV94h.jpg)

Ванкувердегі Олимпиада ойындары, Италиядағы XXVI Дүниежүзілік қысқы Универсиадада чемпион атанғаны, Отанына деген сүйіспеншілігі туралы Татьяна Осипова айта кетті. «Бүгін Қазақстанда жастардың дамуына көптеген жағдайлар жасалады. Біздің мақсатымыз осы мүмкіндіктерді қолдана отыра, елімізді әлем кеңістігінде асқақтату»- деп чемпион бөлісті.

Біздің Елбасымыз 5 институционалды реформаны ұсынды, оның ішінде заманауи, кәсіби әрі автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлді. «2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметке мамандарды қабылдау бойынша үш сатылы іріктеу енгізіледі. Бірінші кезеңде үміткерлер Агенттікте заң мен құзырет білімін тексеретін тестілеуден өтсе, келесі кезеңде кәсіби бағдарлауын анықтауған бағытталған сұхбаттасу болмақ. Ақтық кезеңде мемлекеттік орган байқау мен сұхбаттасуды белгілі қызметке өткізеді. Осыларға негізделсе, жастар Сіздерге ынтамен оқып, бәсекеге қабілетті болу қажет!» - деп өз баяндамасында Мәлік Ахметқалиев айта кетті.

![«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!»](https://storage.yvision.kz/images/user/meirambekov_abai/USXrQ5m19UjAv715UfxuVz62DoGJtb.jpg)

Шара соңында дәрісханада «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» атты ҚР Президенті Жолдауының басты бағыттары мен жастарда жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру бойынша қызу талқы басталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-rly-zhol-bolasha-a-bastar-zhol-556041](https://yvision.kz/kk/post/n-rly-zhol-bolasha-a-bastar-zhol-556041)