---
title: "Нәрестенің денсаулығы — сенімді қолда!"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бой..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-10T00:19:29+00:00"
modified: "2015-12-10T00:19:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-resteni-densauly-y-senimdi-olda-666840"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-resteni-densauly-y-senimdi-olda-666840/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Нәрестенің денсаулығы — сенімді қолда!

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бой...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі-Департамент) денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп Балаларға медициналық жедел жәрдем көрсету орталығында (бұдан әрі-БМЖЖКО) семинар-мәжіліс өткізіп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі бағыттары талқылап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу Департаменттің бөлім басышысы Мақсатхан Анапин семинар қатысушыларға 2014 жылы 11 қарашада Елбасының Қазақстан халықына «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауын, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съездінде айтқан бес институциалдық реформаларын түсіндіріп өтті.

БМЖЖКО бас дәрігері Абай Кусаинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шараларды атап өтіп, бүгінгі күні мекемеде қажетті қазіргі заманауи техникасы арқылы оталар жүргізеді, өйткені нәрестелер түрлі патологиялармен түседі. Баланың шетінеушілігінің серпіні алпыс пайызға азайды, бұл медициналық қызмет сапасы жоғарлауын көрсетеді.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап форматында өтті.

Іс-шараның аяғында БМЖЖКО қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-resteni-densauly-y-senimdi-olda-666840](https://yvision.kz/kk/post/n-resteni-densauly-y-senimdi-olda-666840)