---
title: "Нұр-Сұлтанда қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды"
description: "Елордада Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығы..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-11-07T12:26:13+00:00"
modified: "2019-11-07T12:26:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-s-ltanda-auipsiz-e-bek-zha-dayyn-amtamasyz-etu-m-seleleri-tal-ylandy-843980"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-s-ltanda-auipsiz-e-bek-zha-dayyn-amtamasyz-etu-m-seleleri-tal-ylandy-843980/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Нұр-Сұлтанда қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

> Елордада Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығы...

Елордада Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығымен «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы қазіргі проблемалар және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар қаралды.

Семинарға Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «Атамекен» ҰКП, ҚР Еңбекминні «ЕҚРҒЗИ» РМКК-ның, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ және «BI Group» холдингінің өкілдері қатысты.

«Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің маңызды басымдықтарының бірі. Ағымдағы жылы «Қауіпсіз жұмыс» ақпараттық науқаны аясында біз «Атамекен» ҰКП, Кәсіподақтар федерациясы және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өңірлерде 4 кластерлік семинар өткізуді жоспарлап отырмыз. Қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған бірлескен күш-жігеріміз ғана кәсіби қауіптерді азайта алады », – деді Төлеген Оспанқұлов іс-шараның ашылуында.

Семинарда сөз сөйлеген ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын азайтудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күні зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында Қазақстанның 497 мың қызметкері жұмыс істейді, олар үшін жұмыс берушілер қызметкердің табысынан 5% мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударатынын атап өтті.

«Статистика жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері бойынша, 2018 жылы сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 1,6 миллион қызметкерінің 373 мыңы немесе төрттен бірі зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылған. Өткен жылы 676 мың жұмысшы зиянды еңбек жағдайындағы жұмысы үшін әр түрлі өтемақы алды. Бұл үшін жұмыс берушілерге 116,3 млрд. теңге бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8%-ға көп», – деді Оспанқұлов.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Гүлнар Жұмагелдиева қатысушыларға республика кәсіпорындарында жүргізіліп жатқан әлеуметтік бақылау туралы айтып берді.

«Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту және әлеуметтік кәсіпкерлік саясаты комитетінің төрағасы Талғат Доскенов «Атамекен» ҰКП-ның қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығмеджан Мақажанов семинар қатысушыларына қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету туралы хабарлады.

Іс-шараны қорытындылай келе, Төлеген Оспанқұлов қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды ұйымдастыру бойынша тиісті нақты ұсынымдар берді.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыруға айтарлықтай қаржы бөлетін «BI Group» холдингіне барды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялаған болатын. Осыған байланысты республикада аталған тақырыпқа арналған бірнеше іс-шаралар өткізіледі. Бұл семинар солардың бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру.

Вопросы обеспечения безопасных условий труда обсудили в Нур-Султане

В столице Казахстана под председательством Главного государственного инспектора труда РК Толегена Оспанкулова прошел семинар на тему «Обеспечение безопасных условий труда». В ходе мероприятия были рассмотрены вопросы соблюдения техники безопасности на рабочих местах, а также текущие проблемы в сфере охраны труда и принимаемые меры по их решению.

В семинаре приняли участие главные государственные инспектора труда Акмолинской, Карагандинской, Костанайской, Северо-Казахстанской областей и г. Нур-Султан, представители Комитета индустриального развития и промышленной безопасности МИИР РК, Министерства здравоохранения РК, Федерации профсоюзов РК, НПП «Атамекен», РГКП «РНИИОТ МТСЗН РК», АО НК «Казмунайгаз», АО НК «Қазақстан темір жолы», АО «НАК «Казатомпром» и холдинга «BI Group».

«Обеспечение безопасных условий труда является одним из важнейших приоритетов деятельности Министерства труда и социальной защиты населения. В текущем году в рамках информационной кампании «Безопасный труд» у нас запланировано проведение 4 кустовых семинаров в регионах, с участием представителей НПП «Атамекен», Федерации профсоюзов и представителей заинтересованных государственных органов. Только наши совместные усилия, направленные на создание благоприятных условий труда работников, смогут снизить профессиональные риски», – сказал Толеген Оспанкулов, открывая работу мероприятия.

Выступая на семинаре, Главный госинспектор труда РК отметил важность уменьшения количества рабочих мест с вредными условиями труда. На сегодняшний день во вредных и опасных условиях труда заняты 497 тыс. работников Казахстана, за которых работодателями отчисляются обязательные профессиональные пенсионные взносы в размере 5 % от дохода работника.

«По данным уполномоченного органа по статистике, из 1,6 млн работников предприятий, обследованных в 2018 году по условиям труда, 373 тыс. или каждый четвертый были заняты во вредных и опасных условиях труда. В прошлом году году 676 тыс. работников получили различные компенсации за работу во вредных условиях труда. На эти цели работодателями выделено 116,3 млрд тенге, что на 8 % больше, чем в 2017 году», – проинформировал Оспанкулов.

В свою очередь председатель Комитета по социально-экономическим отношениям и социальному партнерству Федерации профсоюзов РК Гульнара Жумагельдиева рассказала участникам мероприятия об общественном контроле, осуществляемом на предприятиях республики.

Председатель Комитета развития человеческого капитала и социальной политики бизнеса НПП РК «Атамекен» Талгат Доскенов озвучил предложения НПП РК «Атамекен» по совершенствованию безопасных условий труда.

Заместитель председателя Комитета индустриального развития и промышленной безопасности МИИР РК Ныгмеджан Макажанов проинформировал участников семинара об обеспечении государственного надзора в области промышленной безопасности на опасных производственных объектах.

Подводя итоги мероприятия Толеген Оспанкулов дал соответствующие конкретные рекомендации по организации безопасности и охраны труда.

Кроме того, участники семинара посетили предприятие холдинга «BI Group», где работодателем выделяется значительное финансирование на организацию безопасных условий труда.

Напомним, Министерством труда и социальной защиты населения РК 2019 год объявлен «Годом безопасности и охраны труда». В этой связи в республике будет проведно несколько мероприятий, посвященных этой тематике. Данный семинар является одним из них. Его основная цель – объединение усилий государственных органов, бизнеса и общественных организаций по обеспечению безопасных условий труда на производстве.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-r-s-ltanda-auipsiz-e-bek-zha-dayyn-amtamasyz-etu-m-seleleri-tal-ylandy-843980](https://yvision.kz/kk/post/n-r-s-ltanda-auipsiz-e-bek-zha-dayyn-amtamasyz-etu-m-seleleri-tal-ylandy-843980)