---
title: "Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан бала құлады: оқиғаның мән-жайы айтылды"
description: "Тәртіп сақшыларының айтуынша, 31 шілдеде Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қабанбай б..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-08-10T12:08:02+00:00"
modified: "2022-08-10T12:08:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-s-ltanda-10-abattan-bala-lady-o-i-any-m-n-zhayy-aytyldy-972884"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-s-ltanda-10-abattan-bala-lady-o-i-any-m-n-zhayy-aytyldy-972884/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан бала құлады: оқиғаның мән-жайы айтылды

> Тәртіп сақшыларының айтуынша, 31 шілдеде Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қабанбай б...

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 31 шілдеде Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үйдің 10-қабатынан кәмелетке толмаған бала құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткеннен кейін 4 жасар қыз сағат 16.30 шамасында бөлмесінде жалғыз қалып, сонда ойнап отырғаны анықталды», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер мәліметінше, жыл басынан бері елордада осындай 32 оқиға тіркеліп, төртеуі қаза болған. Полицейлер ересектерді қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кеткен бес жасар қызды сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қағып алуға тырысқан. Осылайша ол қыздың жеңіл құлауына себепші болған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-r-s-ltanda-10-abattan-bala-lady-o-i-any-m-n-zhayy-aytyldy-972884](https://yvision.kz/kk/post/n-r-s-ltanda-10-abattan-bala-lady-o-i-any-m-n-zhayy-aytyldy-972884)