---
title: "«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының азаматтарды көшпелі қабылдауы"
description: "2019 жылы 6 ақпанда сағат 10.00-де Таран ауданы Тобыл ауылында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қо..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-02-12T04:44:59+00:00"
modified: "2019-02-12T04:44:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyasyny-ostanay-oblysty-filialyny-azamattardy-k-shpeli-abyldauy-826059"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyasyny-ostanay-oblysty-filialyny-azamattardy-k-shpeli-abyldauy-826059/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының азаматтарды көшпелі қабылдауы

> 2019 жылы 6 ақпанда сағат 10.00-де Таран ауданы Тобыл ауылында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қо...

2019 жылы 6 ақпанда сағат 10.00-де Таран ауданы Тобыл ауылында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков «Тұрғындар мәселесін шешеміз» «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының азаматтарды көшпелі қабылдауына қатысты.

Көшпелі қабылдауды өткізу мақсаты:

Таран ауданы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қарау; «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында өтеусіз негізде халықтың әлеуметтік осал топтарына заңгерлік көмек көрсету; «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй несиелендірудің бағдарламасында қатысу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жинақтаушы депозиттерін ашу; білікті мамандардан тегін медициналық тексеру. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға М.Т. Мұратбеков толық жауап берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyasyny-ostanay-oblysty-filialyny-azamattardy-k-shpeli-abyldauy-826059](https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyasyny-ostanay-oblysty-filialyny-azamattardy-k-shpeli-abyldauy-826059)