---
title: "«НҰР ОТАН» партиясы Әуезов аудандық филиалы « Чайка » ЖТК МКК"
description: "«НҰР ОТАН» партиясы Әуезов аудандық филиалы « Чайка » ЖТК МКК «Қалалық Перинаталды орталық» баста..."
author: "nur_otan_almaty"
published: "2016-08-24T01:03:10+00:00"
modified: "2016-08-24T01:03:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyasy-uezov-audandy-filialy-chayka-zhtk-mkk-708519"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyasy-uezov-audandy-filialy-chayka-zhtk-mkk-708519/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «НҰР ОТАН» партиясы Әуезов аудандық филиалы « Чайка » ЖТК МКК

> «НҰР ОТАН» партиясы Әуезов аудандық филиалы « Чайка » ЖТК МКК «Қалалық Перинаталды орталық» баста...

**«НҰР ОТАН» партиясы Әуезов аудандық филиалы « Чайка » ЖТК МКК «Қалалық Перинаталды орталық» бастауыш партия ұйымының 2016 жылдың 1-ші жарты жылдық (қаңтар-маусым айлары аралығына) есеп беруі.**

ЖКТ «Чайка » «Қалалық Перинаталды орталық» бастауыш партия ұйымының мүшелер саны қаңтар-наурыз айларында 2016 жылы –495.

Оның ішінде зейнеткерлер саны- 23

Жұмыс орындарын ауыстыру себебінен ,тағы да басқа себептерден -50 партия мүшесі шығарылды.

Қайта партия қатарына 178 адам қабылданды.

Жүктілікке байланысты демалысқа кеткендер саны- 71

«Қалалық Перинаталды орталық» бастауыш партия ұйымы партияның арнайы жұмыстарын әрі қарай жаңғырту мақсатында арнайы бөлме жұмысын жалғастыруда. Оның іші қабырға газеттерімен, мемлекеттік рәміздерімен, қажетті құжаттарымен, бөлме жабдықтарымен қамтамассыз етілген.

«НҰР ОТАН» партиясы Әуезов аудандық филиалымен «Чайка» ЖТК . МКК «Қалалық Перинаталды орталық» бастауыш партия ұйымының сәйкестік (акт сверки) тексеруі ай сайын өткізілді. Бастауыш партия ұйымының 401 мүшелері айлық жарна төлейді .

2016 жылдың қаңтар айында «Нұр-Отан» Партиясы-нақты істер партиясы дөңгелек үстелінде Бастауыш партия ұйымының жұмысын жақсарту, жылдық жоспармен таныстыру , нұротандықтарға қайта партия кодексінің этикасымен таныстырылды. 2016 жылға айлық жарна төменгі жалақыға байланысты қайта белгіленді, партия жарғысына сәйкес. «Біздің Президент» атты жиында еліміздегі ең басты бағдарламалары қайта еске түсірілді.

**Кезектен тыс партияның XVII съезіне байланысты Қазақстан -2021 : Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырылды. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауында»** бастауыш партия ұйымының мүшелері белсенді түрде жұмыс жасады.

![«НҰР ОТАН» партиясы Әуезов аудандық филиалы « Чайка » ЖТК МКК](https://storage.yvision.kz/images/user/nur_otan_almaty/abxnP6q91iKqwvSebxVAG1fWA1ipjh.jpg)

Азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың саяси еркін білдіретін, олардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілдік және атқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қорғайтын және оларды қалыптастыруға қатысатын егеменді елімізде беделді партия «Нұр Отан» Партиясы жеңіске жетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша. Нұрлы жол жаңа экономикалық саясатымен қайта таныстыру сәуір айында өткізілді. “Нұр Отан” партиясының және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі - медицина саласы. Жеке тұлғаны отансүйгіштік рухта тәрбиелеумен қатар, әрбір адамзат баласының денсаулығы Отанымыздың жарқын болашағы болып табылады. Ұжымды партия күнімен құттықтай отырып, қызу жұмысқа кірісті. БАҚ –на партияның XVII съезінің делегаты ретінде мақала жарияланды.

“Нұр Отан” партиясының жұмысын кең ауқымда халыққа жеткізу мақсатында Қазақстан телерадиокомпаниясының Қазақ елі желісіне эфирге шығарылды. **«Жер тағдыры – ел тағдыры»** тақырыбында 2 рет халық арасында түсінбеушіліктің әсерінен туындаған сұрақтарға толық сауатты турде түсініктер берілді. «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен бүкіл ұжымның әйелдерін кұттықтау рәсімі өткізілді , арнайы мерекелік сыйлықтар тапсырылды.

Партиялық жобаның бірі **«Жастар-Отанға», «Ардагерлерді ардақтайық»** бөлімі бойынша жас маман дәрігерлермен бірлесе отырып, келешек жас ұрпақ Ұлы Отан соғысы кезінде ерлермен қатар ерлік көрсеткен батыр қыздарымызға арналған бірнеше конференциялар өткізілді.

**«Айқын тариф» жобасы** бойынша қаржы жағынан біздің «Нұр отан» партиясы атынан жасалып жатқан іс-шаралар : күрделі жөндеу жұмыстары, медициналық аппараттарқұрал-жабдықтар оған жұмсалған қаржыларды тікелей «Нұр отан» партиясы мүшелерінің қатаң түрде тексеретіндігі және оның есебі жайында дөңгелек үстел өткізілді.

![«НҰР ОТАН» партиясы Әуезов аудандық филиалы « Чайка » ЖТК МКК](https://storage.yvision.kz/images/user/nur_otan_almaty/4WohiUg8BP6KvePh7w6NXWbHtTW8We.jpg)

*"Нұр Отан" АҚФ баспасөз қызметті*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyasy-uezov-audandy-filialy-chayka-zhtk-mkk-708519](https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyasy-uezov-audandy-filialy-chayka-zhtk-mkk-708519)