---
title: "«Нұр Отан» партиялық кадрлық резервін қалыптастырады"
description: "«Нұр Отан» партиясы аймақтық партиялық кадрлық резервті бастапқы қалыптастыру басталғаны туралы хаба..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-20T04:34:00+00:00"
modified: "2016-09-30T04:38:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyaly-kadrly-rezervin-alyptastyrady-713474"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyaly-kadrly-rezervin-alyptastyrady-713474/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Нұр Отан» партиялық кадрлық резервін қалыптастырады

> «Нұр Отан» партиясы аймақтық партиялық кадрлық резервті бастапқы қалыптастыру басталғаны туралы хаба...

«Нұр Отан» партиясы аймақтық партиялық кадрлық резервті бастапқы қалыптастыру басталғаны туралы хабарлайды.

Азаматтар қолма-қол тәртіппен, почта арқылы немесе хабарландыруды көрсетілген электрондық почтаның мекен-жайына электрондық түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде жіберген түрдегі құжаттар қарауға қабылданады, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Кадрлық резерв туралы ереженің талаптарына сәйкес келетін және тестілеуге жіберілген кандидаттардың тізімі партияның веб-сайтында жарияланатын болады және тестілеуді өткізу басталатын күнге дейінгі 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей партияның веб-сайтында орналастырылатын тестілеу кестесінің негізінде партияның аймақтық филиалында 10 (он) жұмыс күні ішінде тестілеуді өтеді.

«Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны аймақтық филиалда партияның веб-сайтында әңгімелесу кестесі жарияланғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесуді өткізу кестесі әңгімелесуді өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей жарияланады», - делінген хабарламада.

Конкурстық іріктеуге қатысқан тұлғалардың шығыстары (көліктік, тұру және т.б.) өтелмейді.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyaly-kadrly-rezervin-alyptastyrady-713474](https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-partiyaly-kadrly-rezervin-alyptastyrady-713474)