---
title: "«Нұр Отан» медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр"
description: "«Нұр Отан» партиясы дәрігерлер мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын көтеру және әлеуметті..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-06-22T16:55:31+00:00"
modified: "2018-06-23T09:48:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-medicina-yzmetkerlerini-zhala-ysyn-k-teru-boyynsha-zh-mystar-zh-rgizip-zhatyr-807938"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-medicina-yzmetkerlerini-zhala-ysyn-k-teru-boyynsha-zh-mystar-zh-rgizip-zhatyr-807938/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Нұр Отан» медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр

> «Нұр Отан» партиясы дәрігерлер мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын көтеру және әлеуметті...

«Нұр Отан» партиясы дәрігерлер мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын көтеру және әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс жасайды. Медицина қызметкерінің құрметіне партия төрағасының бірінші орынбасары қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтау үшін бірқатар елордалық ауруханалардың дәрігерлері мен медицина қызметкерлерімен кездесті.

Мәулен Әшімбаев күнделікті өмірді құтқарып, Қазақстан халқының денсаулығын сақтап жүрген жандарға еліміздің басты байлығы туралы айтып, шын жүректен алғысые білдірді.

«Барлық мамандықтар кез келген қоғам үшін маңызды, алайда медицина қызметкері ерекше рөл атқарады. Қазіргі заманғы әлемнің үрдістері бүгінгі таңда кез-келген мемлекеттің негізгі байлығы - шикізат, технология, фабрика және инфрақұрылым емес. Негізгі байлық пен мемлекеттің активі - олар сау, білімді, мобильді адамдар», - деді Мәулен Әшімбаев медициналық мекемелер қызметкерлеріне.

Ол сондай-ақ халықтың әлеуметтік әл-ауқаты, денсаулық сақтау және білім беру саласын дамыту мәселелері елдің жетекші саяси күштерінің ерекше бақылауында болатынын айтты.

«Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласының дамуына көп көңіл бөледі, ірі қорлар бөліп, материалдық-техникалық базаны нығайтады, ал біздің партия осы Көшбасшымыздың негізгі қолдауымен осы салаға үлкен қолдау көрсетеді. Соңғы жылдары біз өз тарапымыздан денсаулық сақтауды дамытуға басымдылық ретінде көмектесуге тырыстық, ал болашақта Үкімет пен депутаттармен бірлесе отырып, біз медициналық қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын жақсартуға тырысамыз. Еліміздің барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға гүлдену, барлық жоспарларыңызды жүзеге асыруды тілейміз! Аса жауапты жұмыстарыңызда үлкен жетістіктер тілейміз!», - деді Әшімбаев.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-medicina-yzmetkerlerini-zhala-ysyn-k-teru-boyynsha-zh-mystar-zh-rgizip-zhatyr-807938](https://yvision.kz/kk/post/n-r-otan-medicina-yzmetkerlerini-zhala-ysyn-k-teru-boyynsha-zh-mystar-zh-rgizip-zhatyr-807938)