---
title: "«НҰР ӘЛЕМ» — ЭКСПО ның ең көрікті жерлерінің бірі"
description: "Тура, 7 күннен соң, ЭКСПО басталады. Күні бүгін, Назарбаев көрменің басты нысаны - «Нұр Әлем» павиль..."
author: "tracyb"
published: "2017-06-01T10:21:12+00:00"
modified: "2017-06-01T10:21:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-lem-ekspo-ny-e-k-rikti-zherlerini-biri-767319"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-r-lem-ekspo-ny-e-k-rikti-zherlerini-biri-767319/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «НҰР ӘЛЕМ» — ЭКСПО ның ең көрікті жерлерінің бірі

> Тура, 7 күннен соң, ЭКСПО басталады. Күні бүгін, Назарбаев көрменің басты нысаны - «Нұр Әлем» павиль...

Тура, 7 күннен соң, ЭКСПО басталады. Күні бүгін, Назарбаев көрменің басты нысаны - «Нұр Әлем» павильонын аралап шықты. Бұл - диаметрі **80** шаршы метр болатын әлемдегі бірден-бір ғимарат.

Павильонда «Болашақтың энергиясы музейі» орналасады, онда Қазақстанмен танысу аймағы болады, сондай-ақ энергияның негізгі түрлері ұсынылады дейді, - **«Ақ Ордадағылар»**

Қазақстан Президентіне **«Болашақ Астана – Қазақстанның 2050 жылғы елордасы»** экспозициясы, ғарыш энергиясы залы, қазақстандық **28** ғылыми жобаны және «**Жасыл экономика»** тұжырымдамасы жөніндегі жобаларды қамтитын «**Жасампаз энергия»** аймағы, сондай-ақ Қазақстанның **«Токамак»** материалтану термоядролық реакторының моделі, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекет басшысының бастамалары көрсетілген медиақабырға таныстырылды.

Сонымен қатар, **Нұрсұлтан Назарбаев** көрме кешенінің Конгресс-орталығында болып, **«Шаңырақ»**, «**Аспан»** залдарын, **VIP-террасаны**, Концерт залын көрді. Конгресс-орталық көпфункционалды мәдени әрі ойын-сауық орталығы болып саналады. Онда **2192** орынға арналған көрермендер залы және **4** конференц-зал бар.

Қазақстан **Президентіне** көрменің ашылу рәсімі қалай өтетіні көрсетілді

akorda.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-r-lem-ekspo-ny-e-k-rikti-zherlerini-biri-767319](https://yvision.kz/kk/post/n-r-lem-ekspo-ny-e-k-rikti-zherlerini-biri-767319)