---
title: "Н. Назарбаев: ҚР-ның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві болуы керек"
description: "Қазақстанның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-10-03T03:38:00+00:00"
modified: "2015-10-03T03:38:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-r-ny-mashina-zhasau-kesheni-el-ekonomikasyny-industrialdy-innovaciyaly-t-rlenuini-lokomo-557347"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-r-ny-mashina-zhasau-kesheni-el-ekonomikasyny-industrialdy-innovaciyaly-t-rlenuini-lokomo-557347/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Н. Назарбаев: ҚР-ның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві болуы керек

> Қазақстанның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві ...

Қазақстанның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві болуы керек, деп Қазақстан машина жасаушыларының ІІІ форумында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Құрметті қатысушылар, сіздерді Қазақстан машина жасаушыларының ІІІ форумының ашылуымен құттықтаймын. Ол бизнес пен ғылым арасындағы іскерлік алаңға айналды. Біз ЕАЭО мен ДСҰ-ға ендік, жаңа әлемдік нарықтарға қолжеткіздік және өзіміздің нарықтарымызды да ашудамыз. Қазақстанның машина жасау кешені ел экономикасының индустриалды-инновациялық түрленуінің локомотиві болуы керек», - деп Б.Сағынтаев ҚР Президенті атынан форум қатысушыларына үндеу жолдады.

Елбасының құттықтау сөзінде айтылғандай, саланың жұмыс істейтін кәсіпорындар саны соңғы бес жылда 1,5 есе өсті. Олардың ішінде жаңа дайын өнімді өндіруге мүмкіндік берген кәсіпорындар бар, мәселен, жерді бұрғылау кешендері, электровоздар, локомотивтер, жүк және жолаушлар вагоны, бульдозерлер және т.б. өндіріс түрлері.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев өз сөзінде Индустрияландыру картасының алғашқы кезеңінде жалпы сомасы 212 млрд теңгеге 74 жаңа жоба іске қосылып, 9 мыңға жуық жұмыс орны ашылғанын атап өткен. «Салаға инвестиция тарту және машина жасау саласындағы әлемдік брендтермен серіктестікті кеңейту бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыру керек. Аталмыш форум бұл міндетті жүзеге асыруда септігін тигізеді деген сенімдемін. Сіздерге табысты жұмыс пен одан ары дамуды тілеймін», - делінген мәтінде.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ЕАЭО мен ДСҰ жағдайында Қазақстанның машина құрылысы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талқылау мен ұсыныстар жасақтауға арналған Қазақстан машина жасаушыларының III форумы өтуде.

Форум барысында ЕАЭО мен ДСҰ жағдайында Қазақстанның машинақұрылысы өнімдерінің бәсекеге қабәлеттілігін арттыру проблемалары мен даму барысы талқыланатын болады.

Форумның мақсаты ЕАЭО мен ДСҰ жағдайында Қазақстанның машинақұрылысы саласын дамыту бойынша ұсыныстар жасақтау, инвестиция тарту, технологиялық тұрғыда дамыту, ҚР машинақұрылысы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Машина құрылысы саласының басымдық берілген 6 бағыты бойынша салалық секциялық отырыстар өтуде. Олар: мұнайөңдеу және мұнайөндіру өндірісі үшін машина мен құрал-жабдықтарды өндіру, электр машиналары мен электрқұралдарының өндірісі, автокөлік құралдарының өндірісі, теміржол техникасының өндірісі, автокөлік өндірісі, машина мен тау-кен өндіру өндірісі үшін құралдар өндірісі мен ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі.

2 қазанда «Қазақстан Темір Жолы»ҰК»АҚ пленарлы отырысы өтеді.

Айта өтейік, Форумды өткізу бойынша серіктестер ҚР Үкіметі мен «Атамекен» ҚР ҰКП.

Форум қорытындысы бойынша негізгі қорытынды жасалып, машинақұрылысы саласының болашағы туралы есеп берілетін болады. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің қарауына жіберілу үшін аталмыш салада жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың, шетелдік серіктестердің ұсыныстары қаралады.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/26679/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-r-ny-mashina-zhasau-kesheni-el-ekonomikasyny-industrialdy-innovaciyaly-t-rlenuini-lokomo-557347](https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-r-ny-mashina-zhasau-kesheni-el-ekonomikasyny-industrialdy-innovaciyaly-t-rlenuini-lokomo-557347)