---
title: "Н.Назарбаев пен В.Путин Сочиде кәсіби жауынгерлік самбодан халықаралық турнирді тамашалады"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федера..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-18T23:58:12+00:00"
modified: "2013-08-18T23:58:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-pen-v-putin-sochide-k-sibi-zhauyngerlik-sambodan-haly-araly-turnirdi-tamashalady-369433"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-pen-v-putin-sochide-k-sibi-zhauyngerlik-sambodan-haly-araly-turnirdi-tamashalady-369433/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Н.Назарбаев пен В.Путин Сочиде кәсіби жауынгерлік самбодан халықаралық турнирді тамашалады

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федера...

[!\[Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/20130818102610-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/20130818102610.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Сочиде өткен кәсіби жауынгерлік самбодан халықаралық турнирдің барысын тамашалады.

Бұл туралы[Кремльдің](http://www.kremlin.ru/news/19047)баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарысты «Самбо-70» білім орталығы мен League S-70 ұйымдастырды. Биыл турнирге Ресей, Қазақстан, Украина, Латвия, Болгария, Австрия, Венесуэла, АҚШ және Оңтүстік Африка Республикасының спортшылары қатысты.

Командалық жарыста Ресей әлем құрамасынан 4:1 есебімен басым түсті. Жолдастық кездесулерде Қазақстан мен Ресей командаларында екі жеңістен бар, бір жеңісті украиналық самбошы қанжығасына байлады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-pen-v-putin-sochide-k-sibi-zhauyngerlik-sambodan-haly-araly-turnirdi-tamashalady-369433](https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-pen-v-putin-sochide-k-sibi-zhauyngerlik-sambodan-haly-araly-turnirdi-tamashalady-369433)