---
title: "Н. Назарбаев:«Нұрлы жол» мен индустрияландырудың екінші бесжылдығы бір-бірін толықтырып отыруы керек"
description: "«Нұрлы жол» мен индустрияландырудың екінші бесжылдығы бір-бірін үйлесімді толықтырып отыруы керек, д..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-02T02:46:00+00:00"
modified: "2015-07-31T02:47:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-n-rly-zhol-men-industriyalandyrudy-ekinshi-beszhyldy-y-bir-birin-toly-tyryp-otyruy-kerek-523582"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-n-rly-zhol-men-industriyalandyrudy-ekinshi-beszhyldy-y-bir-birin-toly-tyryp-otyruy-kerek-523582/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Н. Назарбаев:«Нұрлы жол» мен индустрияландырудың екінші бесжылдығы бір-бірін толықтырып отыруы керек

> «Нұрлы жол» мен индустрияландырудың екінші бесжылдығы бір-бірін үйлесімді толықтырып отыруы керек, д...

«Нұрлы жол» мен индустрияландырудың екінші бесжылдығы бір-бірін үйлесімді толықтырып отыруы керек, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында.

«Жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жолға», индустрияландырудың екінші бесжылдығына бастау берілді. Қос бастамада 5 жылға есептелген және оларбір-бірін үйлесімді толықтырып отыруы керек», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, ол Қазақстан үшін өтемаңызды, себебі «Нұрлы жол» енді ғана басталды келер жылы кеңінен етек жаятын болады.

Сонымен қатар, Президент әлемдік экономиканың технологиялық дамуын тілге тиек етті.

«Біз осы жүзеге асырып отырған индустрияландыру саясатын жүргізуге мәжбүрміз. Екінші бес жылдық аясында жұмыс істеу барысында әлемдіктренді бақылауда ұстауы керек», - деді Елбасы.

Сонымен, Н. Назарбаевтың айтуынша,бүгінде көзқарастар өзгеруде, минералды ресурстарды пайдалану азая бастайды.

Шара барысында Үкіметтің индустриялды-инновациялық даму және «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша есебін тыңдадйы. Үкімет жылына екі рет телекөпір арқылы жартыжылдық қорытындылары бойынша атқарылған жұмыс жөнінде есеп беріп отырады.

Сондай-ақ, жаңа индустриялды және инфрақұрылымдық нысандар іске қосылады, инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс басы мен жүргізілуі таныстырылады.

Салтанатты жағдайда, «онлайн» режимінде 10 жаңа нысан пайдалануға беріледі:"Aluminium of Kazakhstan" ЖШС-нің / Алматы облысы) алюминий пішіндерін өндіруі, Полимер өнімін өндіру. Атырау облысында газхимиялық кластерді іске қосу, "ӨТМК" АҚ-ның / ШҚО/ кеуекті титан өндіруі, "Burnoye Solar-1" ЖШС-нің / Жамбыл облысы/ Бурное алаңқайында қуаттылығы 50 Мвт күн электрсанциясы, "АрселорМиттал Темиртау" АҚ-ның №3 домен пешін реконструкциялау /Қарағанды облысы/, "Лидер-2010" ЖШС-нің сүт және ашытылған сүт өнімдерін өндіру цехы / Қостанай облысы/, "ҚТЖ" НК" АҚ-ның «Боржақты - Ерсай» темір жолы / Маңғыстау облысы/, "ҚАЗТЕХМАШ" ЖШС-нің / СҚО/ ауыл шаруашылығы, тасымалдаушы және коммуналдық техника шығаруы, Daedong "KAZ KIOTI" ЖШС компаниясымен корей компаниясымен бірлесіп тракторлар шығару / ОҚО/, "ҚТЖ" НК" АҚ-ның астана қаласындағы көлік-логистикалық орталығы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысын Орал – РФ шекарасы автожол учаскесі құрылысының басталуы және «Ақтау Теңіз порты» ЕЭА-нда 3 құрғақ жүк терминалықұрылысының аяқталғандығы туралы хабардар етеді.

Мұның сыртында Президентті 5 инфрақұрылымдық нысанның құрылыс барысымен таныстырады ( «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында). Олар:Қапшағай қаласы маңындағы автожол айырымы / Алматы облысы/, Көпір. Павлодар қаласын айналып өту, ОҚО мен Ақтөбе облысы арасындағы туннель, ОҚО мен Ақтөбе облысындағы индустриалды аймақтар.

Барлығы 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта тек қана Индустрияландыру картасы аясында 20 жаңа жоба іске қосылған және 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23290/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-n-rly-zhol-men-industriyalandyrudy-ekinshi-beszhyldy-y-bir-birin-toly-tyryp-otyruy-kerek-523582](https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-n-rly-zhol-men-industriyalandyrudy-ekinshi-beszhyldy-y-bir-birin-toly-tyryp-otyruy-kerek-523582)