---
title: "Н.Назарбаев: Ел қауіпсіздігін заңнамалық негізде қамту басты мәселе болуы керек"
description: "Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел қауіпсіз..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-08-31T22:16:00+00:00"
modified: "2016-09-29T22:35:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-el-auipsizdigin-za-namaly-negizde-amtu-basty-m-sele-boluy-kerek-711258"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-el-auipsizdigin-za-namaly-negizde-amtu-basty-m-sele-boluy-kerek-711258/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Н.Назарбаев: Ел қауіпсіздігін заңнамалық негізде қамту басты мәселе болуы керек

> Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел қауіпсіз...

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел қауіпсіздігін заңнамалық негізде қамту басты мәселе болуы керектігін айтты.

«Бүгінде ел қауіпсіздігі мәселесі бірінші орынға шығып отыр. Қазақстан әлемнің басқа мемлекеттері сияқты тікелей лаңкестік қауіпке тап болды. Ақтөбе мен Алматы қалаларында болған лаңкестік әрекеттер кезінде ұлттық ұланның сарбаздары, құқық қорғаушылар мен ешбір кінәсі жоқ бейбіт адамдар оққа ұшты. Осындай жағдайда мемлекет ұлттық қауіпсіздік мәселесін күшейтуі керек», - деді Елбасы.

Елбасы айтып өткендей, қоғамның тыныштығын бұзғысы келіп отырған кейбір сыртқы және ішкі күштерге тосқауыл қою қажет.

«Сол себепті бізге құқық қорғау мен заң саласында батыл шешімдер керек. Менің тапсырмаммен экстремизм, терроризм, контрбақылау қызметі, пробация, дактилоскопиялық және геномды тіркеу, сондай-ақ еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін күшейтуге арналған 7 заң Мәжілістің қарауына енгізіліп отыр. Біз осы заңдардың аясында тыңғылықты жұмыс істеп, ел қауіпсіздігі үшін депутаттардың қабылдауына ұсынамыз. Ең бастысы, қоғам тыныштығын сақтау. Депутаттардан осы мәселеге баса назар аударып, жыл соңына қарай соны шешуді сұраймын», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейiк, бүгiн Қазақстан Парламенті VI шақырылымының екiншi сессиясы жұмысын бастайды. Жаңа жасақталған Парламенттiң бiрiншi сессиясы биылғы жылдың 25 наурызынан 30 маусымына дейiн созылған болатын.

«Парламент республикалық бюджеттің үш жылға арналған заң жобасын қабылдауы керек. 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік саясат әлемдік нарықтардың тенденцияларын ескеру арқылы анықталады. Заңнамалы түрде мемлекеттік әлеуметтік топтама кепілдігінің шығынының көлемін сақтау қажет. Ең бастысы зейнетақы мен жәрдемақы, шәкіртақылар мн әлеуметтік төлемдер жайлы болып отыр», - деді ол.

Елбасының айтуынша, үш жылға арналған бір топтамаға Ұлттық қордан бөлінген кепілдемелік трансферт туралы заңдар мен республикалық және өңірлік бюджеттер трансферті туралы заңдар қосарланып жүреді.

«Парламент пен Үкімет бюджеттік қаржыны игеру мәселелерін қамтып отырулары керек», - деді Елбасы.

Айта кетейiк, бүгiн Қазақстан Парламенті VI шақырылымының екiншi сессиясы жұмысын бастады. Жаңа жасақталған Парламенттiң бiрiншi сессиясы биылғы жылдың 25 наурызынан 30 маусымына дейiн созылған болатын.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-el-auipsizdigin-za-namaly-negizde-amtu-basty-m-sele-boluy-kerek-711258](https://yvision.kz/kk/post/n-nazarbaev-el-auipsizdigin-za-namaly-negizde-amtu-basty-m-sele-boluy-kerek-711258)