---
title: "Н.Қаппаров «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысына кіру туралы ұсынысты қабыл алды"
description: "ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бейресми кездесулер» жобасы аясында ..."
author: "ecogovkz"
published: "2014-06-02T00:10:39+00:00"
modified: "2014-06-02T00:10:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-apparov-aza-stan-2050-zhalpy-ltty-oz-alysyna-kiru-turaly-synysty-abyl-aldy-415872"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/n-apparov-aza-stan-2050-zhalpy-ltty-oz-alysyna-kiru-turaly-synysty-abyl-aldy-415872/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Н.Қаппаров «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысына кіру туралы ұсынысты қабыл алды

> ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бейресми кездесулер» жобасы аясында ...

ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бейресми кездесулер» жобасы аясында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсенділерімен кездесті.

Кездесу барысында ведомство басшысы министрлік жұмысының бағытын, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы, қалдықтарды қайта өңдеу мен су ресурстарын тиімді пайдалану туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Бұл туралы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады [strategy2050.kz](http://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fstrategy2050.kz&post=172697143_1916).

Сонымен қатар Нұрлан Қаппаров экологиялық тәрбиеге, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қатысты белсенділердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар министрге алғыстарын білдіріп, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысына кіруін ұсынды. Н.Қаппаров олардың бұл ұсынысын қабыл алды.

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/103-98/](http://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fwww.eco.gov.kz%2Fnew2012%2FKK%2F2014%2F06%2F103-98%2F&post=172697143_1916)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/n-apparov-aza-stan-2050-zhalpy-ltty-oz-alysyna-kiru-turaly-synysty-abyl-aldy-415872](https://yvision.kz/kk/post/n-apparov-aza-stan-2050-zhalpy-ltty-oz-alysyna-kiru-turaly-synysty-abyl-aldy-415872)