---
title: "МЖӘ дамыту мәселелері талқыланды"
description: "2016 жылдың 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақст..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-02-25T04:09:52+00:00"
modified: "2016-02-25T23:46:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mzh-damytu-m-seleleri-tal-ylandy-680365"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mzh-damytu-m-seleleri-tal-ylandy-680365/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# МЖӘ дамыту мәселелері талқыланды

> 2016 жылдың 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақст...

2016 жылдың 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мирболат Сүйеуұлы Нұртазин мемлекеттік-жекешелік әрістестікті дамыту сұрақтары бойынша семинар-кеңеске қатысты.

Семинар облыс әкімінің орынбасары И.Стексовтің, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту фонды» АҚ, БҚО кәсіпкерлер палатасы өкілдері және облыстағы аудандық әкімдер мен кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.

Семинар-кеңес жұмысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуда мемлекеттің көрсетіп жатырған көмегі мен алға қойған мақсаттарды жоспарлы түрде орындау мәселелері қозғалды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mzh-damytu-m-seleleri-tal-ylandy-680365](https://yvision.kz/kk/post/mzh-damytu-m-seleleri-tal-ylandy-680365)