---
title: "Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі"
description: "Қазақстанда алғаш рет 2023 жылдың 22-23 шілдесінде Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» әуе шарлары ф..."
author: "Nazym93"
published: "2023-08-12T14:06:47+00:00"
modified: "2023-08-12T14:12:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/my-boyauly-aspan-ue-sharlary-festivali-992937"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/my-boyauly-aspan-ue-sharlary-festivali-992937/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі

> Қазақстанда алғаш рет 2023 жылдың 22-23 шілдесінде Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» әуе шарлары ф...

![Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/7bef054cb90821438ede6ea1499992.jpg)

Қазақстанда алғаш рет 2023 жылдың 22-23 шілдесінде Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі өтті.

![Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/242b86895a2b616c0156da984cad06.jpg)

Алматы облысының туризм индустриясы - орналастыру, кіру және ішкі туризм бойынша республикада алдыңғы қатарда. Елімізде алғаш рет әлемнің түкпір-түкпірінен 30 шар аспанға көтеріліп, барлығын жарқын әсерлерімен қуантты.

![Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/090d5ec6cfae410f17fc8d2bfdcc2f.jpg)

Халықаралық шарлар фестивалін ұйымдастырушылардың басты мақсаты – қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу, экологиялық таза қайта өңдеуге болатын ыдыс-аяқтар мен басқа да экоматериалдарды пайдалану арқылы табиғатқа және оның ресурстарына құрметпен қарауды насихаттау.

![Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/a347f74bfc3252b6370837c447ce6a.jpg)

Фестивальде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі.

![Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/d34c53c0651d65ea8a8e4e8f6055e6.jpg)

Облыста туризмді ілгерілету және дамыту оқиғалы (событийный) туризміне негізделген. Осыған орай, бүгінгі «Konayev international balloon fest» шар фестивалінің іс-шарасы біздің өңіріміздегі айтулы оқиға болмақ, бұл біздің қонақтарымыз үшін табиғаттың сұлулығын тамашалауға тамаша мүмкіндік болып табылады және сіз мұнда бір-біріңізбен танысуға, достық қарым-қатынас орнатуға және ұмытылмас әсер алуға уақыт табасыз. Бүгін таңғы сағат 5-тен бастап фестивальге жиналған көрермендер осындай сұлулықты тамашалауға шабыттанды, тіпті сағат 7-ге таман шарлармен биіктікке шығуға ниет білдіргендердің үлкен кезегі пайда болды. Яғни, осы арқылы біз оқиғалы туризмнің жұмыс істей бастағанын көрсетеміз. Біз бұл шараға 6 ай бойы дайындалдық, талдай келе, Қазақстанда шарларға арналған іс-шаралар болмағанын көрдік. Әлеуметтік желі қолданушылары түсініктемелерде Қонаев тұрғанда Каппадокияға барудың қажеті жоқ деп жазып жатыр, - деді өз сөзінде аймақ басшысы.

![Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/a87716d60d97efe782a5ce47d27ccf.jpg)

Сондай-ақ, Өңірдің туристік әлеуетін кеңінен насихаттау мақсатында «Тенгри ультра» халықаралық Ұлы дала марафоны, халықаралық Іле-Балқаш регатасы өткізілді, «BBC News» халықаралық телеарнасында (450 миллион аудитория) өңірдің әсем де бай табиғаты туралы жарнамалық науқан басталғанын атап өтеміз.

![Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/679f05e5c9750cee2f3f34bba87e7c.jpg)

#Шарфестивалі

#ОльгаЗоркина

#НатальяРасторопнова

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/my-boyauly-aspan-ue-sharlary-festivali-992937](https://yvision.kz/kk/post/my-boyauly-aspan-ue-sharlary-festivali-992937)