---
title: "Мотивациялық кітаптар жайлы бірер ой..."
description: "Қалай жетістікке жетсем болады, Қандай жолдармен үлкен табысқа кенеле аламын. \"Жаман əдеттен арылуды..."
author: "uservk436551018"
published: "2019-04-01T19:24:03+00:00"
modified: "2019-04-01T19:24:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/motivaciyaly-kitaptar-zhayly-birer-oy-829499"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/motivaciyaly-kitaptar-zhayly-birer-oy-829499/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мотивациялық кітаптар жайлы бірер ой...

> Қалай жетістікке жетсем болады, Қандай жолдармен үлкен табысқа кенеле аламын. "Жаман əдеттен арылуды...

Қалай жетістікке жетсем болады, Қандай жолдармен үлкен табысқа кенеле аламын. "Жаман əдеттен арылудың 11 жолы", "Өзіңді жеңудің 14 жолы" жəне тағысын тағылар.Осындай тақырыптағы сəнге айналған мотивациялық кітаптар əлеуметтік желінің жарнамаларынан жиі кездестіріп жүрміз.Тіпті бүгінгі таңда олардың кейбірін əлемнің үздік туындыларының қатарына енгізіп қойған.Əрине барлығын айтпаймын.Ендігі əңгіме сол кітаптардың шыныменде жалқау адамды еңбекқорға ,жігерсіздерді батылға айналдырып, табысы төмендерді бай адамдың қатарына қоса ала ма?

Бұндай кітапті негізінен тұтынушылар өзі- өзі дамытуға, өмірлік мəселелерінің шешімін табуға, өз мінезінің кемшіліктерін түзету үшін оқиды.Мотивациялық кітаптарды оқыған сайын, сол авторлардың саудасын да қыздыра түсіп, қалтасын қампайтып жатқанымызды ұмытпаумыз керек.Кітап жазудың өзі- үлкен ақша.Қазіргі кезеңде мұндай жанрдағы кітаптардың сұранысы жоғары.Сондықтан капитал басқарған заманда кітапқа жабысып қалудың өзі артық.Бұл кітапті оқымай тұрып та өз мəселеңізді өзіңіз шештіңізғой? Сондықтан кітаптың ережесіне бағынам деп автордың саудасына бағынып қалмаңыз.

Əрине мотивациялық кітаптардың барлығын сапасыз болып кетті демеймін.Тек, кітап оқысаңызда оқу тəртібіңізді сақтаған жөн!

Сіздер қалай ойлайсыздар?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/motivaciyaly-kitaptar-zhayly-birer-oy-829499](https://yvision.kz/kk/post/motivaciyaly-kitaptar-zhayly-birer-oy-829499)