---
title: "Мобильдік топ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметкерлерімен кездесті"
description: "А.ж. 4 мамырында мобильдік топ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметкерлерімен ..."
author: "dagspk"
published: "2017-05-05T00:39:38+00:00"
modified: "2017-05-05T00:39:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-tehnologiyaly-damu-zh-nindegi-ltty-agenttik-a-yzmetkerlerimen-kezdesti-765846"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-tehnologiyaly-damu-zh-nindegi-ltty-agenttik-a-yzmetkerlerimen-kezdesti-765846/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мобильдік топ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметкерлерімен кездесті

> А.ж. 4 мамырында мобильдік топ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметкерлерімен ...

А.ж. 4 мамырында мобильдік топ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

«Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру және жедел түрде азаматтарды қабылдау.

*Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Тілеген Төлегенұлы Қаскин азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастың қалыптасуы басым болып табылатынын атап өтті.*

*Мобильдік топ спикерлері "Нұр Отан" партиясының партиялық бақылау инспекторы Серік Көлбаев, Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Департаментінің тергеушісі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Бақытжан Жұмабеков азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін нығайту мен халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлді.*

Кездесу барысында қатысушыларға арнайы тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтарға жауаптар берілді.

![Мобильдік топ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметкерлерімен кездесті](https://im7.asset.yvimg.kz/images/post/special/illustration/c3/c33660f73daa2130958c1051810055bc_500_242.jpg?x=0.31987320321716073)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-tehnologiyaly-damu-zh-nindegi-ltty-agenttik-a-yzmetkerlerimen-kezdesti-765846](https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-tehnologiyaly-damu-zh-nindegi-ltty-agenttik-a-yzmetkerlerimen-kezdesti-765846)