---
title: "Мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруда."
description: "А.ж. 18 сәуірде Төтенше жағдайлар комитеті мен Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Демеу» отбасылық мед..."
author: "dagspk"
published: "2017-04-18T04:43:48+00:00"
modified: "2017-04-18T04:43:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-zh-mystaryn-zhal-astyruda-763931"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-zh-mystaryn-zhal-astyruda-763931/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруда.

> А.ж. 18 сәуірде Төтенше жағдайлар комитеті мен Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Демеу» отбасылық мед...

А.ж. 18 сәуірде Төтенше жағдайлар комитеті *мен Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы МКК ұйымының қызметкерлеріне* сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесулер өткізді.

Мобильдік топ мемлекеттік билік институттарына қоғамның сенімін нығайтуға және халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға ерекше назар аударды.

*Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Төлегенұлы Қаскин қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары озық түрде жүріп жатқаны, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мақсатында мемлекет пен қоғамның күш біріктіруі туралы айтып өтті.*

*Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өз пікірлерін ортаға салды және осы мәселеде қатысушыларды азаматтық тұрғыда белсенді ұстаным жасауға шақырды.*

Кездесу қорытындысында қатысушыларға арнайы бейнероликтер көрсетілді және азаматтарды қабылдау жүргізілді.

![Мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруда.](https://im8.asset.yvimg.kz/images/post/special/illustration/04/04658d968e785090d179cca4412d7b46_500_242.jpg?1492512183?x=0.8956047322305298)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-zh-mystaryn-zhal-astyruda-763931](https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-zh-mystaryn-zhal-astyruda-763931)