---
title: "Мобильдік топ «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны аясында алғаш рет онлайн режимде Астана қ. мектеп, колледж және мектепке дейінгі мекемелер өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өткізді"
description: "А.ж. 18 мамырында мобильдік топ онлайн режимде 1200 қатысушыны қамтыған Астана қ. мектеп, колледж жә..."
author: "dagspk"
published: "2017-05-24T05:39:25+00:00"
modified: "2017-05-24T05:39:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-parasyz-bolasha-a-birge-nau-any-ayasynda-al-ash-ret-onlayn-rezhimde-astana-mektep-kolle-767752"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-parasyz-bolasha-a-birge-nau-any-ayasynda-al-ash-ret-onlayn-rezhimde-astana-mektep-kolle-767752/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мобильдік топ «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны аясында алғаш рет онлайн режимде Астана қ. мектеп, колледж және мектепке дейінгі мекемелер өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өткізді

> А.ж. 18 мамырында мобильдік топ онлайн режимде 1200 қатысушыны қамтыған Астана қ. мектеп, колледж жә...

А.ж. 18 мамырында мобильдік топ онлайн режимде 1200 қатысушыны қамтыған Астана қ. мектеп, колледж және мектепке дейінгі мекемелер өкілдерімен кездесті.

*А.ж. 2 наурызында* *алғаш рет Қазақстан бойынша Астана қаласында «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны басталды, акция шеңберінде ақпараттық-түсіндірме жұмысын және азаматтарды қабылдауды жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ арнайы безендірілген автобуспен өз жұмысын бастады.*

Мобильдік топ құрамында Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы - Тілеген Қаскин, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры - Даулеткерей Рахметуллин, «Нұр Отан» партиясының Астана қ. бойынша филиалының партиялық бақылау инспекторы - Серик Кульбаев енді.

*Спикерлер мен қатысушылар кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, оған деген берік иммунитеттің болмауынсыз және көпшілікке оны жарияламаусыз қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес деген ортақ пікірге келді.*

Кездесу соңында спикерлер барлығын сыбайлас жемқорлықты түбірімен жоюға ықпал ететін белсенді азаматтық ұстанымға шақырды, тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қызықтырған сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы жадынамалар таратты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-parasyz-bolasha-a-birge-nau-any-ayasynda-al-ash-ret-onlayn-rezhimde-astana-mektep-kolle-767752](https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-parasyz-bolasha-a-birge-nau-any-ayasynda-al-ash-ret-onlayn-rezhimde-astana-mektep-kolle-767752)