---
title: "Мобильдік топ мүшелері студенттерге дәріс оқыды"
description: "2017 жылдың 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-04-14T08:38:31+00:00"
modified: "2017-04-14T08:38:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-m-sheleri-studentterge-d-ris-o-ydy-763542"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-m-sheleri-studentterge-d-ris-o-ydy-763542/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мобильдік топ мүшелері студенттерге дәріс оқыды

> 2017 жылдың 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа...

2017 жылдың 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері ЖОО студенттерімен кезекті кездесуін өткізді.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінің 200-ден астам студенті мобильдік топ өкілдерінің дәрісін тыңдады.

Мобильдік топ өкілдері студенттерге әр адамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде айтты. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын өздерінің жас ой-пікірлерін білдіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларда белсенділік танытуға шақырды. Дәрістің соңында еріктілер студенттерге жадынамалар мен буклеттер таратты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-m-sheleri-studentterge-d-ris-o-ydy-763542](https://yvision.kz/kk/post/mobildik-top-m-sheleri-studentterge-d-ris-o-ydy-763542)