---
title: "Мобильді топ мүшелері халыққа құқықтық көмек көрсетуді жалғастыруда"
description: "2017 жылдың 6 қазанда «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшел..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-10-06T06:35:59+00:00"
modified: "2017-10-06T06:35:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-m-sheleri-haly-a-y-ty-k-mek-k-rsetudi-zhal-astyruda-780877"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-m-sheleri-haly-a-y-ty-k-mek-k-rsetudi-zhal-astyruda-780877/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мобильді топ мүшелері халыққа құқықтық көмек көрсетуді жалғастыруда

> 2017 жылдың 6 қазанда «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшел...

2017 жылдың 6 қазанда «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелерімен Орал қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында, қалалық әкімдікте, сондай-ақ, ХҚКО-да азаматтарға қабылдау өткізді.

Мобильді топ мүшелері азаматтарды қабылдау барысында «Ашық әкімдік», ХҚКО-дағы электронды түрде көрсетілетін қызметтер, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының «call-center 1424» сенім телефоны жөнінде әдістемелік-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелерімен халыққа құқықтық көмек пен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-m-sheleri-haly-a-y-ty-k-mek-k-rsetudi-zhal-astyruda-780877](https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-m-sheleri-haly-a-y-ty-k-mek-k-rsetudi-zhal-astyruda-780877)