---
title: "Мобильді топ кезекті сапарға шықты"
description: "А.ж. 25 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің д..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-04-27T15:59:20+00:00"
modified: "2017-04-27T15:59:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-kezekti-sapar-a-shy-ty-765112"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-kezekti-sapar-a-shy-ty-765112/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мобильді топ кезекті сапарға шықты

> А.ж. 25 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің д...

А.ж. 25 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті, кәсіпкерлер палатасы, БАҚ және қоғам өкілдерінің қатысуымен жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың халықпен кезекті кездесуі өтті.

Жұмыс барысында мобильді топ Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен кездесіп, жемқорлықтың мемлекет пен қоғамның дамуына теріс әсері туралы айтты.

Сондай-ақ, мобильдік топ Көкшетау қ. ХҚКО болып, тұрғындар арасында жемқорлық фактілерімен кездескен шақта қалай әрекет ету жөнінде ақпарат беріп, арнайы борщюралар табыс етті.

Жемқорлыққа қарсы мобильдік топ аптасына екі рет облыс орталығында және аудандарда жүзеге асырады.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/dsc_0029_2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-kezekti-sapar-a-shy-ty-765112](https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-kezekti-sapar-a-shy-ty-765112)