---
title: "Мобильді топ қаланың мектеп ұжымдарымен кездесулерді жалғастыруда"
description: "А.ж. 24 қазан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында мобильді топтың «Әл-Фараби» мектеп-л..."
author: "finpolsko"
published: "2017-10-24T21:44:17+00:00"
modified: "2017-10-24T21:44:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-alany-mektep-zhymdarymen-kezdesulerdi-zhal-astyruda-782693"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-alany-mektep-zhymdarymen-kezdesulerdi-zhal-astyruda-782693/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мобильді топ қаланың мектеп ұжымдарымен кездесулерді жалғастыруда

> А.ж. 24 қазан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында мобильді топтың «Әл-Фараби» мектеп-л...

![Мобильді топ қаланың мектеп ұжымдарымен кездесулерді жалғастыруда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/7p5ISpHW4b9QCfxyEr0lJUtsdXXQ62.jpg)

А.ж. 24 қазан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында мобильді топтың «Әл-Фараби» мектеп-лицейінің ұжымымен кездесуі өтті.

Шара барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұжымдар мүшелерін аталмыш мәселеде белсенді азаматтық көзқарас танытуларына шақырды.

Мұғалімдер болса, жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, олардың әрқайсысына тиісті түсіндірмелер алды.

Кездесулер соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерінің әшкереленуі туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-alany-mektep-zhymdarymen-kezdesulerdi-zhal-astyruda-782693](https://yvision.kz/kk/post/mobildi-top-alany-mektep-zhymdarymen-kezdesulerdi-zhal-astyruda-782693)