---
title: "Мобильді үкіметті насихаттау"
description: "Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту біздің еліміздің қызметіндегі басым бағыттар..."
author: "makala123"
published: "2014-11-26T23:29:02+00:00"
modified: "2014-11-26T23:29:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-kimetti-nasihattau-443828"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-kimetti-nasihattau-443828/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мобильді үкіметті насихаттау

> Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту біздің еліміздің қызметіндегі басым бағыттар...

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту біздің еліміздің қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Кейінгі бірнеше жыл ішінде Қазақстанның ақпараттық дамуында бірқатар өзгерістер болды.

Мобильді үкіметтің құрылуы электронды үкімет порталы дамуының кезекті кезеңі болып табылады. Мобильді үкімет келушілерді көбейтіп, ағымдағы қызметтердің қолдануын оңайлатады. Мобильді үкімет – бұл тұрғындардың көп мөлшерімен олардың жасы, әлеуметтік мәртебесі және білімі мен тұрғылықты жеріне қарамастан олармен өзара тығыз қарым-қатынастың тиімді жолы болып табылады, өйткені ол барлық жерде қолжетімді. Мобильді үкімет мүмкіншіліктердің кеңейтілген түрін ұсынады. Мобильді үкімет қызметтерін смартфондардан (планшеттер) да, жай телефондардан да қолданушы болады. мобильді үкіметтің қолданушысы ретінде Сіз:
- Өз ұялы телефоныңызға ХҚКО және ЭҮП құжаттардың дайындығы туралы, бала-бақшадағы кезегіңіздің өзгерісі туралы хабарламалар ала аласыз;
- Бір реттің құпия сөз арқылы мемлекеттік қызмет алу (ЭСҚ баламасы сияқты);
- Мемлекеттік қызметті мобильді қол қою арқылы алу мүмкіндігі;
- Мемлекеттік қызметтерді SMS – хабарламалар арқылы алу.

**Қалай Мобильді үкіметтің қолданушысы болу керек?**

Мобильді үкіметтің қолданушысы болу үшін Сізге мобильді үкіметке қосылу керек. Аталған үрдісті қазіргі таңда «электронды үкімет» порталында тіркелу мен авторлану кезінде орындауға болады. Ол үшін Сізге бар болғаны ЭСҚ және телефон керек. Мобильді үкіметке қосылғандар туралы мәлімет мобильді тұрғындар базасында сақталады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mobildi-kimetti-nasihattau-443828](https://yvision.kz/kk/post/mobildi-kimetti-nasihattau-443828)