---
title: "Мобильді ХҚКО-шалғай елдімекендерде"
description: "Өткен жылдың наурыз айында «Қазпочта» акционерлік қоғамы мен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік о..."
author: "Taraz_3"
published: "2016-03-23T23:32:42+00:00"
modified: "2016-03-23T23:32:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-h-ko-shal-ay-eldimekenderde-685189"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-h-ko-shal-ay-eldimekenderde-685189/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мобильді ХҚКО-шалғай елдімекендерде

> Өткен жылдың наурыз айында «Қазпочта» акционерлік қоғамы мен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік о...

Өткен жылдың наурыз айында «Қазпочта» акционерлік қоғамы мен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арасында меморандум жасалған болатын. Соның арқасында шалғай елді мекендердің тұрғындары мобильдік ХҚКО-лардың келуімен ХҚКО-лар көрсететін қызметтерді ғана емес, сондай-ақ жәрдемақылар тағайындау, зейнетақы төлемдері сияқты маңызды әлеуметтік қызметтерді де ала алатын болды. Сонымен қатар түрлі төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашу мүмкіндігі туды.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында шалғай елді - мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда 9 мобильдік ХҚКО жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елді-мекендерге 927 рет шығып, 41 213 қызмет көрсетілді. Ал, 2016 жылдың басынан бері – 184 сапар ұйымдастырылып, 6194 қызметтер көрсетілді.

**«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы**

**бойынша филиалының баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mobildi-h-ko-shal-ay-eldimekenderde-685189](https://yvision.kz/kk/post/mobildi-h-ko-shal-ay-eldimekenderde-685189)