---
title: "Мобильді ақпараттық-насихаттық топтардың Ақмола облысының өңірлеріндегі жұмысы жалғасуда"
description: "А.ж. 25-26 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-07-27T23:52:05+00:00"
modified: "2016-07-27T23:52:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-a-paratty-nasihatty-toptardy-a-mola-oblysyny-irlerindegi-zh-mysy-zhal-asuda-704283"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mobildi-a-paratty-nasihatty-toptardy-a-mola-oblysyny-irlerindegi-zh-mysy-zhal-asuda-704283/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мобильді ақпараттық-насихаттық топтардың Ақмола облысының өңірлеріндегі жұмысы жалғасуда

> А.ж. 25-26 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының...

А.ж. 25-26 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!» жастар ақпараттық-насихаттық тобы Қорғалжын және Егіндікөл аудандарында сұхбаттасу алаңдарын өткізді.

Іс-шаралар Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша өткізілді.

Мобильді топ құрамында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – Сая Беккажанова, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары - Сымбат Үсен, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі кеңесшісі – Құндыз Бекмағамбетова.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының қоғам алдына қойған міндеттерді шешуге ықпал ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды өткізу барысында қол жеткізген көрсеткіштер мен жетістіктер жөнінде толық мәлімет алды.

Екі күн ішінде мобильді топ аудандардың 100-ден астам адамды қамтыған 6 аудиториясында дәріс өткізді.

Бұдан бұрын мобильді топ облыстың Бурабай, Еңбекшілдер, Бұланды, Шортанды, Ақкөл аудандарына және Степногорск қаласына барып, 500-ден астам адамның қамтылуымен 36 аудиторияда жұмыс жүргізген болатын.

![Мобильді ақпараттық-насихаттық топтардың Ақмола облысының өңірлеріндегі жұмысы жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/U41Nz1VO6bWtCIuSfJRkDhM2ykf5Rf.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mobildi-a-paratty-nasihatty-toptardy-a-mola-oblysyny-irlerindegi-zh-mysy-zhal-asuda-704283](https://yvision.kz/kk/post/mobildi-a-paratty-nasihatty-toptardy-a-mola-oblysyny-irlerindegi-zh-mysy-zhal-asuda-704283)