---
title: "Моңғолиялық қандасымыз сумодан әлем чемпионы атанды"
description: "АСТАНА. 15 қараша. BAQ.KZ – Ганконг елінде өткен Сумо күресінің әлемдік чемпионатында қандасымыз Се..."
author: "nazgulnaz"
published: "2013-01-13T22:51:51+00:00"
modified: "2013-01-13T22:51:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mo-oliyaly-andasymyz-sumodan-lem-chempiony-atandy-314014"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mo-oliyaly-andasymyz-sumodan-lem-chempiony-atandy-314014/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Моңғолиялық қандасымыз сумодан әлем чемпионы атанды

> АСТАНА. 15 қараша. BAQ.KZ – Ганконг елінде өткен Сумо күресінің әлемдік чемпионатында қандасымыз Се...

АСТАНА. 15 қараша. BAQ.KZ – Ганконг елінде өткен Сумо күресінің әлемдік чемпионатында қандасымыз Серік Бердімұратұлы Әлем чемпионы атанды,- деп хабарлайды kaznews.mn ақпараттық порталы.

![Моңғолиялық қандасымыз сумодан әлем чемпионы атанды](http://www.baq.kz/foto/434_2d45873c310d2aabd1dcb7f5bc8be7b4.jpg)

Жақында Ганконгте 37 ел спортшыларының қатысуымен Жапондардың ұлттық күресі Сумодан өткен әлем чемпионатында Моңғол елінің атынан қатысқан 18 жастағы қандасымыз Серік Бердімұратұлы 100 келі салмақта әлемнің түкпір-түкпірінен келген сумошылармен белдесіп, қазақ палуанының қайсар күш иесі екенін тағы бір рет дәлелдеді. Серік жақында ғана тамыры терең моңғолдың ұлттық күресінен жасөспірімдер арасында мемлекеттік чемпион атағын алған болатын. Самбо күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Серік осылай күрестің әр түрлерінде сәтті күресіп, жақсы қырынан танылып келеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mo-oliyaly-andasymyz-sumodan-lem-chempiony-atandy-314014](https://yvision.kz/kk/post/mo-oliyaly-andasymyz-sumodan-lem-chempiony-atandy-314014)