---
title: "Моңғолияда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесері өтті"
description: "Ұлан-Батырда Нұрсұлтан Назарбаевтың моңғол тіліне аударылған «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесер..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-03T02:37:00+00:00"
modified: "2015-07-31T02:38:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mo-oliyada-aza-stan-respublikasy-prezidenti-n-rs-ltan-nazarbaevty-zhyldar-men-oylar-kitabyny-t-sauke-523534"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mo-oliyada-aza-stan-respublikasy-prezidenti-n-rs-ltan-nazarbaevty-zhyldar-men-oylar-kitabyny-t-sauke-523534/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Моңғолияда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесері өтті

> Ұлан-Батырда Нұрсұлтан Назарбаевтың моңғол тіліне аударылған «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесер...

Ұлан-Батырда Нұрсұлтан Назарбаевтың моңғол тіліне аударылған «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесері өтті

![Моңғолияда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесері өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/9BE9fwt6e8n1A10g31oleBRU0aA3aC.jpg)

Қазақстан Республикасы Моңғолиядағы Елшілігі Моңғолия Ғылым академиясымен бірлесе отырып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың моңғол тіліне аударылған «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Іс-шараға Моңғолия Парламенті депутаттары, министрліктер және жергілікті ведомстволар, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдері, қазақ диаспорасы, сондай-ақ ғылыми және іскер топтарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Елші Қалыбек Қобландин кітапта Қазақстан Республикасы Президентінің сөйлеген сөздері, мақалалары және баяндамаларынан үзінділер мен ойлары жинақталып, олар тек мемлекеттік қайраткер мен саясаткердің дүниетанымын ашып қана қоймай, Қазақстанның қазіргі бейнесін бүтіндей ашады деген пікірімен бөлісті.

Моңғолия Ғылым академиясының президенті, академик Батболдын Энхтувшин Қазақстан Республикасы басшысының саяси, ғылыми және публицистикалық шығармаларына сараптама негізінде жарық көрген кітаптың әлеуметтік маңызы зор және ол ғылыми-ағартушылық, тәрбиелік мәнге ие екеніне ерекше көңіл бөлді.

Естеріңізге сала кетсек, кітаптың тұсау кесері Елордада Астана күнінің 15 жылдығы мерекесі қарсаңында өткен болатын. Кітапта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ойлары мен сөйлеген сөздері, мақалалары мен бұрынғы туындыларындағы тұжырымдары топтастырылған. Әр түрлі тақырыптарға арналған туындылар жиынтығы оның тұлға, мемлекет қайраткері, саясаткер ретіндегі философиялық кредосын айқындап қана қоймайды, тұтастай алғанда, қазіргі Қазақстанның тарихи келбетін көз алдыңызға алып келеді.

Моңғолияның бірінші Президенті ПунсалмаагийнОчирбат іс-шара барысында сөз сөйлеп, Н. Назарбаевтың елдің дамуындағы рөлін жоғары бағалады. Оның пікірінше Қазақстанның соңғы жылдардағы жетістіктері Елбасының сарабдал саясаты мен тәжірибесінің арқасында болған.

Өз кезегінде Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралы (Парламенті) Мемлекеттік құрылым жөніндегі комитетінің төрағасы Ағыпар Бәкей шығармашылық еңбек мемлекет басшысының қиын әрі сан-салалалы қызметін толығымен сипаттайды деп атап өтті.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23349/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mo-oliyada-aza-stan-respublikasy-prezidenti-n-rs-ltan-nazarbaevty-zhyldar-men-oylar-kitabyny-t-sauke-523534](https://yvision.kz/kk/post/mo-oliyada-aza-stan-respublikasy-prezidenti-n-rs-ltan-nazarbaevty-zhyldar-men-oylar-kitabyny-t-sauke-523534)