---
title: "МКК өкілдері кедендегі заңбұзушылықтар туралы айтты"
description: "Ведомство мәліметінше, Президенттің тапсырмасы бойынша МКК қызметкерлері Бас прокуратура жанындағы в..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-05-06T12:09:36+00:00"
modified: "2022-05-06T14:29:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mkk-kilderi-kedendegi-za-b-zushyly-tar-turaly-aytty-966210"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mkk-kilderi-kedendegi-za-b-zushyly-tar-turaly-aytty-966210/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# МКК өкілдері кедендегі заңбұзушылықтар туралы айтты

> Ведомство мәліметінше, Президенттің тапсырмасы бойынша МКК қызметкерлері Бас прокуратура жанындағы в...

Ведомство мәліметінше, Президенттің тапсырмасы бойынша МКК қызметкерлері Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топтың құрамында сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларға, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторларға (УЭО) және Қытаймен шекаралас өткізу пункттеріне тексеру жүргізген.

«9 уәкілетті экономикалық оператор және 1 уәкілетті экономикалық оператор бөлімшесіне қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша жергiлiктi кедендiк тексерулер аяқталды, қосымша өндiрiп алу сомасы (берешек, өсімпұл және өсімпұлды төлей отырып, салық сомасын ұлғайту.

- еск.) 107 миллиард теңге болды. Сондай-ақ 58 миллиард теңгеге салық төлеуден жалтару деректері анықталды. Үш жыл ішінде заң бұзушылықтың жалпы сомасы - 165 миллиард теңге. Сонымен қатар, комитет 398 миллиард теңгеге жалған электрон шот-фактураларды беру белгілерін анықтады. Келтірілген шығынның алдын ала сомасы 128 миллиард теңге», - делінген хабарламада.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mkk-kilderi-kedendegi-za-b-zushyly-tar-turaly-aytty-966210](https://yvision.kz/kk/post/mkk-kilderi-kedendegi-za-b-zushyly-tar-turaly-aytty-966210)