---
title: "Өмірдің де өзіндік алгоритмі бар"
description: "Өзі де өлімге мойынсынса керек. Дегенмен өмір ғажап, жан тәтті. Бірер күн болса да жата тұрсам дейд..."
author: "Beibit_Sarybai"
published: "2018-02-18T10:01:20+00:00"
modified: "2018-02-18T10:01:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mirdi-de-zindik-algoritmi-bar-797037"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mirdi-de-zindik-algoritmi-bar-797037/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өмірдің де өзіндік алгоритмі бар

> Өзі де өлімге мойынсынса керек. Дегенмен өмір ғажап, жан тәтті. Бірер күн болса да жата тұрсам дейд...

Өзі де өлімге мойынсынса керек. Дегенмен өмір ғажап, жан тәтті. Бірер күн болса да жата тұрсам дейді. Қал сұрап, көңіл сұрап кіріп-шығып жатқан ағайынның: әлі-ақ жазылып кетесіз,-деген жұбатуына сене алмай жатқан күндерінің бірінде құрдасы келіпті. Ол да біраз отырып, кетерінде:
- Ал жақсы енді, бір Құдайға табыстадым,-десе, жаңағы кісі:
- Ой сен де табыстайтын жерді таптың ғой, соның өзі емес пе мені алайын деп жатқан,-деген екен.

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mirdi-de-zindik-algoritmi-bar-797037](https://yvision.kz/kk/post/mirdi-de-zindik-algoritmi-bar-797037)