---
title: "Мирас, Мұхаммедәли, Рүстем Жүгінісовтер — «Таңшолпанда»"
description: "Ағайынды өнерпаздардың сұхбатын Ұлттық арнадан көріңіз. 2015 жылдың қазан айында Сочи қаласында өте..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-17T23:01:33+00:00"
modified: "2015-08-17T23:04:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/miras-m-hammed-li-r-stem-zh-ginisovter-ta-sholpanda-530925"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/miras-m-hammed-li-r-stem-zh-ginisovter-ta-sholpanda-530925/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мирас, Мұхаммедәли, Рүстем Жүгінісовтер — «Таңшолпанда»

> Ағайынды өнерпаздардың сұхбатын Ұлттық арнадан көріңіз. 2015 жылдың қазан айында Сочи қаласында өте...

Ағайынды өнерпаздардың сұхбатын Ұлттық арнадан көріңіз.

![Мирас, Мұхаммедәли, Рүстем Жүгінісовтер — «Таңшолпанда»](http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/trk_kaz/D1Fg6gbgA8uMLh9e7IdCR1URJIRgzG.png)

2015 жылдың қазан айында Сочи қаласында өтетін «Жаңа толқын» байқауында орындайтын әннің тұсаукесері жасалды. Тамыздың 19-да Алматыда жаңа әнге, сондай-ақ «Футбол» әніне бейнебаян түсіріледі. Таңғы бағдарламада қонақта болған ағайынды Жүгінісовтер осы және өзге де шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті. «Ертең Алматыға жол жүргелі отырмыз. Ондағы мақсат – «Тәуелсіз елім» атты әнімізге бейнебаян түсіру»,-дейді Рүстем Жүгінісов. «Жуырда жазылған «Футбол» әнінің авторы Ғалия Шаудырбаева. Сөзі де сол кісінікі. Қазақ футболына арналған ән жоқ. Сол себепті, футболшыларымызды қолдау мақсатында осы әнді жаздырдық»,-дейді өнерпаздар. «Біз бір-бірімізге керек екенімізді әсіресе, сахнаға шыққанда түсінеміз. Сахнада жалғыздан гөрі, үшеуіміз қатар тұрғанда ғана көңілім толық»,-дейді ағайындылардың үлкені Рүстем Жүгінісов.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/miras-m-hammed-li-r-stem-zh-ginisovter-ta-sholpanda-530925](https://yvision.kz/kk/post/miras-m-hammed-li-r-stem-zh-ginisovter-ta-sholpanda-530925)