---
title: "Өмір өзі, керуенге, ұқсайды ма? «Аудио өлең»"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Мелодия души «Белг..."
author: "Aikosmuz"
published: "2016-05-27T05:01:29+00:00"
modified: "2016-05-27T05:01:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-zi-keruenge-saydy-ma-audio-le-695146"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-zi-keruenge-saydy-ma-audio-le-695146/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өмір өзі, керуенге, ұқсайды ма? «Аудио өлең»

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Мелодия души «Белг...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»**

**Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

**Вконтакте – [http://vk.com/public56982889](http://vk.com/public56982889)**

 
 
 
 

Өмір өзі, керуенге, ұқсайды ма?

Ілесіп, әрбір күні, келе жатқан.

Сырласымын, аңсаған, сол бір көштің,

Сенім құрып, сарғая, армандаған.

 

Тағдырымды шешкендей, мынау есімім,

Түнгі айдың, гүлі боп, аталыппын.

Неге сенде, қызыл іңір, сенімім?

Саған артып, сенім шамын, жағыппын.

 

Қарап тұрмын, түнді тосып жалтақтап,

Келе жатыр, айым түнді, арқалап.

Өтінемін, тұра тұршы қалқалап,

Күш қуатсыз, барамын-ау, мен құлап.

 

Сенер досым, өзіңсің, түсінетін,

Бар керегім, жаныма, тек тыныштық.

Мен пендемін, бір өзіңе сенетін,

Бұрқыраған өмірде, бірде суық, бірде ыстық.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mir-zi-keruenge-saydy-ma-audio-le-695146](https://yvision.kz/kk/post/mir-zi-keruenge-saydy-ma-audio-le-695146)