---
title: "Өмір өтті деп, бүгін өкінбеймін..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Эльдар Мансуров «Эллегия реквием»Бейнематериал авторы ..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-10-14T07:34:22+00:00"
modified: "2018-10-14T07:34:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-tti-dep-b-gin-kinbeymin-816775"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-tti-dep-b-gin-kinbeymin-816775/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өмір өтті деп, бүгін өкінбеймін...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Эльдар Мансуров «Эллегия реквием»Бейнематериал авторы ...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эльдар Мансуров «Эллегия реквием»

Бейнематериал авторы – Гүлнара Калдарова 'Ойлойсуңбу'

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Өмір өтті деп, бүгін өкінбеймін,

Өкпем де жоқ, қалдым деп, көлеңкеде.

Жібермей тізгінді, ер адамдай,

Жалғыздықтың кінәсі, тек өзімде.

Өмір керуен, тізіп алып күндерін,

Өтіп жатыр, кетіп жатыр, оралмай.

Адам емес, Алла білген себебін,

Қанша соғады, өмір сағаты тоқтамай.

Жоқ өлемін, деп мүлдем, сескенбеймін,

Мынау өмірде, із тастап, кетсем деймін.

Тағдырыма ешқашан, ренжімеймін,

Таланыма жазылса, өкінбеймін.

Іздемеймін-ау өмірден, әлі себеп,

Арманым көп әлі де, тұрған тілеп.

Өшпей тұрса, әндерім, менің гүлдеп,

Бас арманым осы ғой, одан басқа не керек?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mir-tti-dep-b-gin-kinbeymin-816775](https://yvision.kz/kk/post/mir-tti-dep-b-gin-kinbeymin-816775)