---
title: "Өмір сұрақтарына Құран жауаптары"
description: "Сұрақ: \"Жалғыздықтан шаршадым.\"Жауап: (Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте ж..."
author: "izgilik"
published: "2011-11-07T01:31:38+00:00"
modified: "2011-11-07T01:32:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-s-ra-taryna-ran-zhauaptary-203954"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-s-ra-taryna-ran-zhauaptary-203954/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өмір сұрақтарына Құран жауаптары

> Сұрақ: "Жалғыздықтан шаршадым."Жауап: (Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте ж...

**Сұрақ:** "Жалғыздықтан шаршадым." **Жауап:** (Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» (Бақара сүресі: 186)

**Сұрақ:** "Күнәларым көп, қайсысына тәубе етейін..?" **Жауап:** (Мұхаммед Ғ.С.): “Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртүтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді” де. (53) (Зүмәр сүресі: 53)

**Сұрақ:** "Кешірім тағы болар ма, кімнен кешірім сұраймын..?" **Жауап:** Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім жарылқайды. Сондай-ақ олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды. (Әл-Имран сүресі: 135)

**Сұрақ:** "Жаратушым, Сенен басқа кім бар..?" **Жауап:** Өйткені Алла (Т.) олардың істеген істерінің жаманын жояды да, оларды істеген істерінің ең жақсысымен сыйлайды. (Зүмәр сүресі: 35) Алла құлына жеткілікті емес пе? (Мұхаммед Ғ.С.) олар сені Алладан өзгелермен қорқытады. Кімді Алла адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ. (Зүмәр сүресі: 36)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mir-s-ra-taryna-ran-zhauaptary-203954](https://yvision.kz/kk/post/mir-s-ra-taryna-ran-zhauaptary-203954)