---
title: "«Өмір» кафесіндегі әңгіме."
description: "Ащщы да болса ақиқат.... «Өмір» кафесіндегі әңгіме. - Даяршы, маған қасіреттен бір кесе берші. - К..."
author: "Rauski"
published: "2015-05-09T23:26:00+00:00"
modified: "2015-08-23T22:11:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-kafesindegi-gime-500194"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-kafesindegi-gime-500194/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Өмір» кафесіндегі әңгіме.

> Ащщы да болса ақиқат.... «Өмір» кафесіндегі әңгіме. - Даяршы, маған қасіреттен бір кесе берші. - К...

![4do29aI66J135k80OzP0NAN595HM41.jpg](https://storage.yvision.kz/images/user/rauski/4do29aI66J135k80OzP0NAN595HM41.jpg)

Ащщы да болса ақиқат.... «Өмір» кафесіндегі әңгіме.

- Даяршы, маған қасіреттен бір кесе берші.

- Кешіріңіз, мырзам, тым кеш қой, жаңа ғана таусылған.

- Онда қуаныштан әкел.

- Ғафу етіңіз, таң атпай бітіп қалған. Бұрынғыдай-ақ жалғыздықтан әкелейін бе?

- Керегі жоқ. Мен оны 5 жыл ішіп, қойып кеткем. Бүгін басқасын берші. Шаттық бар ма?

- Бар. Бірақ аздап жалғандық қосыған.

- Пәктік ше?

- Бұл мәзірдің бірінші қатарында жазылғанымен, мұнда ешқашан болған емес!

- Сезім ше?

- Кеше ғана біреуін сатып алғандарға екеуін қосып берiп, зорға тауыстық. Өзіңіз білесіз, қазір сезім ештенкеге татымайды. Тым арзан. Оның үстіне бәріде сапасыз. Амалсыздан сауға ретінде солай өткіздік.

- Жарайды, шынайы сүйіспеншілік берші.

- Бұрын болған еді, қазір жоқ. Мұндай тәтті дүние әлемде тым аз. Естісем, оның өзін алыс қиырдан зорға алдырып жүргендер бар. Бағасы тым қымбат.

- Е, бұрын болған. Күнде содан ішуші ем. Дәмі тіл ұйіретін, ләззәті де шексіз.

-Кешіріңіз, сізге айтар насихатым. Бұдан былай ішпеңіз. Ол тәтті болғанымен, жүрек ауруларына шалдықтырады екен.

- Өзің ішіп көріппедің?

- Жоқ, бар болсада ішпес ем. Келген қонақтардан солай естігем. Мырза, сізге рақымсыздықтан бір кесе алып келейін Қазір оның базары жақсы, қонақтардың барлығы соны ішуде.

- Солай ма? (Мазақтай күлді). Бұрын олар шынайы сүйіспеншілікті ішіп алса болды, «сүйідім, күйдім» деп жүрегі елжіреп сала беретін. Соншама тез өзгерге ба?

- Иә, қазір рақымсыздық сәнге айналды.

- Жарайды, Ғашықтық бар ма? Содан әкелші

- Бар.

- Біреуін әкел, табандылықтан көбірек қосарсың.

- Қазір табандылытың барлығы Қытайда жасалған. Сапалысы қалған жоқ.

- Айтпақшы әлгі алтын кеседегі тәтті тағамда не еді?

- Мырзам, тұрақты қонағымызсыз сондықтан шынымды айтайын. Оған нәпсiден көбірек қосып, өкініш майын араластырып, тұрмыс қазанында қайнатады. Кесесі алтыннан сол үшін де қымбаттау.

- Жарайды, Ғашықтықтан әкеле бер. Бала кезімде бір рет дәмін татқаным бар еді. Айтпақшы, махаббаттан бір кесесін дайындап ала келші. Итіме ала кетейін...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mir-kafesindegi-gime-500194](https://yvision.kz/kk/post/mir-kafesindegi-gime-500194)